Сабақ № 102
Сабақтың тақырыбы. Қорытынды.
Сабақтың мақсаты: Оқу, мазмұнын айту, сөлесу, пікірлесу дағдыларын тексеру.
Белсенділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Таблица.
Сабақтың әдісі: сөйлесу, ойын.
Сабақтың түрі: білім-біліктерін бекіту.
Сабақтың барысы.
Сабақтың ұраны: Еңбек етсең емерсің.
І. Ұйымдастыру кезені.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
8-сынып оқулығынан ең жақсы ұнаған, сен үшін қызықты мәтіннің мазмұнын айтып беру.
Не үшін, несімен ұнады? Қандай әсер алды? Қандай өсиет, ақыл, кеңес алдың?
ІІІ. Ойын «Білгір».
Қандай ас тәтті? (ағайынмен ішкен ас тәтті)
- Нені жасыруға болмайды? (Жамандықты)
- Адамды көкке жеткізетін не? (өнер)
- Кім қартаймайды? (халық)
- Ердің атын не шығарады? (еңбек)
- Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)
- Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз қорқақ, қол батыр)
- Ойын «Тілші»
- Кім мақалды орыс тіліне аударады сол жеңеді.
Егер сенің досың жаман адамболса, сен де сондай болғанын.
Екі жаңа достан, ескі дос жақсы.
Сыйлық қымбат емес, көңіл қымбат.
ІҮ. Пікірлесу:
8-сыныпты аяқтап отырып, қазақ тілінен қандай дәрежеге жеттің?
Одан биік дәрежеге көтерілуге бола ма? Оған не жеткізбеді?
9-сыныпта қандай дәрежеге жетпексің? Алдына қандай мақсат қоясың?