Сабақ № 100-101.
Сабақтың тақырыбы. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Лексикадан және грамматикадан білімдерін тексеріп, пысықтау.
Көрнекілік: Таблица.
Сабақтың әдісі: талдау, сөйлесу, оқу.
Сабақтың түрі: білім-біліктерін бекіту.
Сабақтың барысы.
Сабақтың ұраны: Еңбек етсең емерсің.
І. Ұйымдастыру кезені:
Ұранды талқылау.
ІІ.Үй жұмысын тексеру. Тест нәтижесін қарастыру.
ІІІ. Өткенді қайталау.
1.Берілген сөйлемдерден жай сөйлемдерді теріп жазып, тыныс белгілерін түсіндір.
Қазақстан. Ол - біздің Отанымыз. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.Күз келді, мектепте оқу басталды. Ағаштардың жапырақтары сарғайды.
2.Сөйлем түрін анықтап, хабарлы, сұраулы түрінде жазыңдар.
Жарқыра, менің мектебім!
- Сөйлем мүшелерін ата.
Олар Отан үшін ерлік жасаған. Ол туған ағасын өте сыйлайды
4 -5. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін белгіле.Бастауыш қандай сұраққа жауап береді, нені білдіреді?
Бәйгені озған алады. Жақсы – ісімен жақсы. Әңгіме шорт үзілді. Мағрипа мен екеуі тез ауылға қайтсың. Оларға осының өзі де қызық..
- Дара және күрделі бастауышты тап.
Балалар тез үйлеріне қайтты .Қазақ халқы егемендік алды. Үшеуі қосылып ән айтты. Біз бірлікті ойлаймыз. Еңбек еткен ер атанар.
7.Баяндауыш. Дара және күрделі баяндауыш.
Біз дыбысты құлағымызбен естиміз. Абай біраз ойланып тұрды. Нұрлан мектепте оқиды. Машина баяу жүріп келе жатыр.Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
8.Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына тиісті тыныс белгісін қойындар.
Қазақстан ядросыз мемлекет. Жақсы ісімен жақсы. Бұл үлкен табыс. Айту біздің парызымыз. Екі жерде екі төрт.
- Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Мен Алтынсарин ауылында тұрамын. Үнемшілдік – жапон халқына тән ерекшелік. Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. Адал бала анасын ұмытпайды. Досым қызық кітап сатып алды.
10.Сөйлемдер арасынан атаулы сөйлемді көрсет.
Боран. Қар бораны. Ауа райы салқындай бастады. Біздің
ашық сөйлеуіміз керек.
- Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Септік, көптік жалғауларды белгіле.
Ертеде гректер мен римдіктер доппен қазіргі тенниске ұқсас ойындар ойнаған.
- Сөйлемдерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіріңдер.
Адамның елдің жұрттың ұлттың сырын мінезін танып көрсету – мінездеме болады. Мінездеме заманның дәуірдің халін де мінездеп көрсете алады.
13.Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырыңдар.
- «Төл сөз», - автор сөзі. Автор сөзі: «Төл сөз».
- Мақалды аяқта.
Жақсы сөз - .... . Уәде - алтыннан ... . Өнер алды - ... . Басқа пәле - ... .
Айтылған сөз, ..... . Жылы – жылы сөйлесен, .... .
15.Сөздерді септеп, 2 сөйлем құрастыр. Өмір. Адам.
- Сөздерді тәуелдеп, екі сөйлем құрастыр. Қала, мектеп.
17.Сөздерді жіктеп, екі сөйлем құрастыр. Азамат, тұрғын.
- Фонетикалық талдау жасаңдар. Бағыт.
ІҮ. Сұрақтарға жауап беріп, мысал келтіріңдер.
1.Сөйлем нені білдіреді?
2.Жай сөйлемнің түрлері.
- Нелерді сөйлем мүшелері деп атайды?
- Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері.
5.Бастауыш. Қандай сұраққа жауап береді? Нені білдіреді?
- Дара және күрделі бастауыш.
- Баяндауыш. Дара және күрделі баяндауыш.
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
9.Толықтауыш
- Анықтауыш.
11.Пысықтауыш.
12.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Жай сөйлемнің түрлері.
- Жақты сөйлем.
14.Жақсыз сөйлем.
15.Толымды және толымсыз сөйлем..
16.Жалаң және жайылма сөйлем.
- Атаулы сөйлем.
- Оқшау сөздер.
19.Қыстырма сөз.
20.Одағай.
21.Қаратпа сөз.
- Төл сөз. Төлеу сөз.
23.Диалог.
- Септеу.Жіктеу. Тәуелдеу.
25.Мақал мәтелдер, өлеңдер, мәтіндер.
Үй жұмысы. Ең жақсы ұнаған мәтінін оқып, мамұнын айтып беру.