С А Б А Қ № 29
Тақырып: Қ.Мырзалиев.Тест.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қ.Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру,оқушылардың
таным-дүниесінің кеңейту,сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін жан-жақты
жетілдіру;
2.Дамытушылық: оқушының тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,ой-өрісін
кеңейту,логикалық ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін сын
тұрғысынан оқу және жазу технологиясы арқылы дамыту;
3.Тәрбиелік: қазақ халқының қонақжәйлығын көрсете отырып,азаматтық борышын өтеуге,
әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың көрнекілік құралдары:
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Пәнаралық байланыс:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындрына
отырғызу, кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
I.Сабақ тақырыбына қызығушылық ояту – побуждение.
1.Ұжымдық жұмыс: «қонақ» деген сөзге «Ассоциация» құрастыру.
- «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген Қ.Мырзалиевтың өлеңін оқып шығу.
- Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
1 топ – өлең мәтінінен қазақ халқының «бейнесін өз сөздеріңмен мәтінге сүйеніп сипаттап
көріңдер.
2 топ - өлеңнен қазқ халқының қандай ұлттық ойынын кездестірдіңдер, қысқаша сол ұлттық
ойындар туралы әңгімелеп беріңдер.
3 топ - өлеңнен тілге байланысты қанатты сздерді туып, дәптерлерге жазу.
III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия.
* Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар әңгімелейді.
* Сабақ қорытындысы.
Мұғалімнің сөзі: балалар,міне сендер ақын Қ.Мырзалиевтың өлеңінен қазақтың қонақжайлығы туралы оқып білдіңдер, былай қарғанда күнделікті өздеріңнің өмірлеріңде отбастарыңа қонақ келсе әке-шешелерің қонақты қалай қарсы алатынын көріп жүрсіңдер.
Ал, ақынның : Қазақ осы:
Ағыл – тегіл,
Көл – көсер - , деген шумақтарын түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
Қ.Мырзалиев өз шығармасында қазақ халқының қонақжайлығы туралы әзіл тілде суреттеп тұрғандай ой туғызады. Ал шыңдап айтсақ қазақ халқының көңілінің ашықтығы, кеңдігі туралы, ел басына қиындық түскенде бір тілім нан бөліскені жайында жазылған шығармаларды білесіңдер ме? Ондай тақырыпқа арналған әңгімелер мен повестер туралы біз әңгімеледік қой.Кәнеки, естеріңе түсіріңдер сол шығармалдың аттары мен оларды жазған авторлардың аты-жөнін.
(«Қадірлі қонақ» Ғ.Мұстафин, «Бір атаның балалары» М.Мағауиын).
* Бағалау.
* Үй тапсырмасы. «Туған жерім» атты шығарма жазуға дайындалып келу. Қосымша материалдар
жинап келу, жоспар құрасытырып келу.
Тест сауалдары.
1.Олжас Сүлейменов қай жылы туды?
а) 1945ж.
б) 1835ж.
в) 1935ж.
- Мақалды толықтыр:
Үйренер нәрсең - ...
а) білім мен мейрімділік
б) жалқаулық пен жамандық
в) қасқыр мен түлкі
3.Ж.Баласағұн мен Ахмед Йгүнеки нешінші ғасырларда өмір сүрген?
а) XII
б) XIV
в) XV
4.О.Сүлейменов қай қалада туған?
а) Атырау
б) Қарағанды
в) Алматы
- Мақалды толықтыр:
Адам досымен,
Ағаш ... мықты.
а) тамырымен
б) жапырағымен
в) бұтағымен
- Мына өлеңдердің қайсысын Абай Гетеден аударды?
а) «Желсіз түнде жарық ай»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Көзімнің қарасы»
- Мағжан Жұмабаев қандай шығарма жазды?
а) «Көкшетау»
б) «Сұлушаш»
в) «Сағындым»
- «Сегіз қырлы,бір сырлы» тұрақты тіркесінің мағынасы:
а) шебер
б) жан-жақты
в) момын
- «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін жазған кім?
а) Қ.Қайымов
б) Қ.Мырза Әли
в) О.Сүлейменов.
- Жұмбақтың шешуін тап.
Тоғыз белбеу, қос жібек
Екі мұрын, бір шүмек
а) домбыра
б) самаурын
в) шапшаң
- Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі қай жерде?
а) Балқашта
б) Аягөзде
в) Ертісте