С А Б А Қ № 23
Тақырып: Ғ.Мүсіреповтің өмірбаяны, еңбегі туралы әңгімелесу.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Қазақстанның белгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыратын мағлұматтар алады;
- Дамытушылық: өзінің ойын жүйелі түрде, дәлелді жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беру,бір-бірімен сұхбаттасуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығына қызығушылық туғызуға баулу
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,сын тұрғысынан оқу мен жазу технологиясының стратегияларын қолдану, баяндау.
Көрнеклік құралдар: Ғ.Мүсіреповтың суреті, жазушы туралы айтылған пікірлер, кітап
көрмесі, газет-жорналдар материалдары.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындарына
отырғызу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, сіздер Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді 6 сыныпта алдыңдар. Кәнеки,кім айталады:
- 6 сынып оқулығында Ғ.Мүсіреповтың қандай әңгімесімен таныстық? («Тимка-Димка»)
Ал бүгінгі сабақ барысынды сендер Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығындағы тағы бір нақты тақырып орын алғандығын көресіңдер.
- Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу –побуждение.
«Инсерт» стратегиясы арқылы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы
кестені толтырыңдар.
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
- Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
1 топ – 67-68 бетте берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.
2 топ – мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастыру
3 топ – «Жазушының ең құдретті тақырыбы» деген сұрақ бойынша ассоциация
құрастыру.
III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырма бойынша жауап береді, тақтаға
шығып, тірек сызбаларын көрсетіп,әңгімелейді.
Мұғалімнің сөзі: балалар, сабақ тақырыбында Ғ.Мүсіреповтың еңбегі туралы әңгімелеу деген тақырып тұр. Осы сұрақ бойынша «Ғ.Мүсіреповтың еңбектері»деген тақырып бойынша баяндама жасап келген оқушы баяндап береді.
3.Мұғалімнің қорытынды сөзі: балалар, бүгін сабақ барысында Ғ.Мүсіреповтың ең құдретті
тақырыбы – Ана тақырыбы дедік қой, сондықтан:
*Үйге тапсырма: «Өлемді женген ана» деген мәтінмен танысып келу керек.
«Ана» тақырыбы – қазақ әдебиетінде, бейнелеу өнерінде деген тақырып
бойынша шағын баяндама жасап келу.
*Бағалау. Топ спикерлері оқушыларға баға береді. Мұғалім түсінік беріп өз бағасын қояды.