Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ әдебиеті 8 сынып. Жыраулар поэзиясы. Күлтегін.

$
0
0

                                                                С А Б А Қ  №3

 

Тақырып: Жыраулар поэзиясы. Күлтегін.

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Күлтегін жырының идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін меңгерту.

2.Дамытушылық: әңгімелесу,салыстыру,жалпылау әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың

  ойлау қабілеттерін,тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ ежелгі дәуір әдебиетінің шығармаларын білу, мақтан ету,оқушылар

  арасындаға адамгершілік, сыйластық тәрбиелеу .

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдістері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,мәтінмен,көрнекілікпен жұмыс

Оқыту формалары: жеке,топпен,өздік,тірек сызбалар жасау, т.б.

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер,теледидар,бейнематериалдар,кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, сурет,орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сынып кезекшілерімен тіл дамыту жұмысы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

2.Үй жұмысын тексеру: «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы» атты реферат тындау.

  1. Жаңа сабақ:
  2. Мұғалімнің сөзі:

- Орхон-Енисей  ескерткіштері Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендері жағасынан табылдықтан солай аталған. Орхон-Енисей  ескерткіштерін алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн Страленберг және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Олар тастарға ойып көне түркі тілінде жазылған.1893 жылы Дания ғалымы Вильгелм Томсен Орхон-Енисей өзендері  бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі», «түрік» деген сөздер екен. Ал орыс ғалымы  В.Радлов мәтінді орыс тіліне тәржімалаған. Онда VІ-VІІІ ғасырлардағы  алып держава – Түрік қағанатының құрылуы, оның Күлтегін сияқты даңқты қағандарының ерлігі жайында баяндайды. Күлтегін ескерткішінің көшермесі 2001жылы Астана қаласына әкелінген.

I.Ой қозғау – побуждение

   Сынып оқушылары   «Күлтегін»  түсініп оқып шығады.

1 топ –мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады

2 топ – мәтін бойынша 1-3 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.

  1. II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление

  Сұрақтармен жұмыс:

  1. «Түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген сөздердің патриоттық мәнін айтыңдар. – 1 топ оқушылары.
  2. Татулық, достық туралы қалай көрсетеді. – 2 топ оқушылары.

III. Балалрдың ой-пікірлерін білу, анықтау – рефлексия.

  1. 1. «Инсерт» стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.

 

        бұрыннан  білемін

       бүгін сабақта білдім

                білгім келеді

 

 

 

 

Үйге тапсырма: «Күлтегін» мәнерлеп оқу, 6 бет 7 сұрақ

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>