№ 30-31 сабақ тақырыбы: «Бір атаның балалары». 7 сынып
Мақсаты: : Мұхтар Мағауин шығармашылығы туралы түсінік беру
Міндеттері: Мұхтар Мағауин шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, адамгершілікке, жазушы шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу , ҰОС туралы түсініктерін ұлғайту.
Құралдар: Мұхтар Мағауин суреті, оқулық, ҰОС суреттері
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ –жауап : Мұхтар Мағауин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
ғылыми шығармалары қалай аталған?
Жаңа сабақ :
«Бір атаның балалары» әңгімесі туралы автордың кіріспе сөзімен танысу
Ұлы Отан Соғысы туралы не айта аласыңдар?
Қазақстан батырлары туралы білесіңдер ме?
Біздің мектеп кімнің атында?
П.П.Корниенко деген кім?
Ұлы Отан Соғысы тек солдаттар үшін ғана қиын кезең болған жоқ, барлық халықтар үшін де фашизм жақсылық әкелген емес. Бүгінгі біз танысатын Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесі де осы кез туралы. Зейін қойып тыңдайық, соңынан сұрақтарға жауап бересіңдер.
- әңгіменің 1 бөлімі «Бастау» - мен танысу. (кезекпен оқу)
- оқиға қай жылдары болған?
- Ауылға кімдерді әкелді?
- Балаларды кім бірінші таңдауға мүмкіншілік алды?
- Ахмет ата неге Зигфридті таңдап алды?
- Халық неге оның таңдауына таң қалды?
- Бәкең ата неге бала алғысы келмеді?
Тапсырма:
Жауаптарын берген соң шығармадағы кейіпкерлердің аттарын жазғызып алғызу
1 бөлімін «Зигфрид Ахметұлы» - оқыған соң сұрақ-жауап жүргізу:
- Ахмет ата қандай той жасады?
- көңіл көтеру үшін не ұйымдастырылды?
- ұлттық ойындар туралы не білесіңдер?
- әңгімедегі балалардың ұлты қандай еді?
- Қазақстанда басқа да қандай ұлттар тұрады?
- әңгіменің басты тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Бекіту:
Мұхтар Мағауин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
«Бір атаның балалары»- шығармасының тақырыбы қандай? – 105 бет №6 тапсырманы орындау, жауабын жазып алу.
Үйде: әңгімені қайта оқу, отбасы туралы, достық туралы мақалдар жинап әкелу, жаттау.
Қорытынды: бағалау, қоштасу