№ 32 сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли. 7 сынып
Мақсаты: : Қадыр Мырза Әли шығармашылығы туралы түсінік беру
Міндеттері: Қадыр Мырза Әли шығармашылығы туралы білім беру, атақты ақын шығармашылығына қызығушылық тәрбиелеу , өз бетімен жұмыс жасауға, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Құралдар: Қадыр Мырза Әли суреті, оқулық, хрестоматия
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру (әңгімені қайта оқу, отбасы туралы, достық туралы мақалдар жинап әкелу, жаттау)
Жаңа сабақ :
Қадыр Мырза Әли - қазіргі қазақ әдебиетінің поэзия жанрында өзіндік орны бөлек үлкен ақын. Оның философиялық мәні терең, тілі бай, ойлы өлеңдері халыққа кең танымал. Ақынның 30 шақты кітаптары шыққан. Өлеңдері бірнеше тілдерге аударылып, шет елдерге танымал. Ақын 100 деген әндерге өлең жазған.
Шығармалары
- «Домбыра» жинағы – 1979 жыл
- «Мәңгі майдан» - 1992 жыл
- 3 және 12 томдық шығармалар жинағы бар
Тапсырма : Қадыр Мырза Әли? – сұраққа жауап жазу, класстер жасау
( 106 бет бойынша) – оқулық
Тапсырма:шығармаларының атауларын жазу ( оқулық, хрестоматия)
Тапсырма: «Алатау»- 101б, хрестоматия – мәнерлеп оқу, түсінгенін сурет арқылы көрсету (Алатау тауының әдемілігін,т.б. бейнелеу)
Бекіту:
Қадыр Мырза Әли кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, «Алатау»- 101б, хрестоматия – мәнерлеп оқу
Қорытынды: бағалау, қоштасу