Сабақ: Нәтиже сабақ «Жануарлар әлемі» |
Мектеп: №14 мектеп-гимназиясы |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Есентаева М.М. |
||||
Сынып: 4 «А» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
Оқушылардың аңдар мен құстар туралы білім-біліктерін бекіту. Сөйлеу барысында көптік, тәуелдік, жіктік, септік жалғауларын мұғалімнің көмегі /үлгісі бойынша қолдану. Тыңдаған /оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін білдіру. (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды). |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||
С-таныс сөздердің мағынасын түсінеді |
|||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||
В-таныс сөздер мен жаңа сөздерді қолдана отырып, тақырып туралы айта алады. |
|||||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||
А-тақырыпқа байланысты сөйлемдер айта алады. |
|||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
||||
Тақырып бойынша сөздерді біледі, түсінеді, айта алады. |
|||||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қасқыр,аю,қоян,піл,жолбарыс,арыстан,керік,т.б. |
|||||
Сөйлем құрастыруға пайдалы тіркестер: 1 Бұл сөздерге қандай сұрақ қоямыз? Қай сөз табы? (Зат есім) 2 Аңдар не істейді? ( жүгіреді, аулайды, жейді, қашады, секіреді, тістейді,..) Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Аңдар қайда өмір сүреді? 2. Оларды неге жабайы аңдар дейді? |
|||||
Алдыңғы оқу |
Балықтарды қайталау |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Басы |
1.Амандасу. 2.Психологиялық ахуал . «Сиқырлы орман» 3.Оқушылардан өздері таңдаған аңдар туралы айту. (Мысалы: Қоян туралы айту). 4.Ал енді балалар, мына сиқырлы қобдишаның ішінде аңдар мен құстар жасырынып отыр екен,енді солардың сыртқа шығуына көмектесейікші. 5.Енді балалар кім аңдарды алса,олар «Аңдар» тобы болады,ал кімдер құстарды алса, олар «Құстар» тобы болады. |
«Хайуанаттар әлемі» музыка интербелсенді тақта
|
|||
Ортасы
|
I .Жұмбақ Бір-бірімен жарысқан, Четыре медведя,один лев. Два зайца,одна лиса- Бәрі нешеу,кім білді?
Үш тілде айтып беріңдер. Медведь – аю -... Лев – арыстан - ... Заяц –қоян-... Лиса – түлкі-...
1 Бұл сөздерге қандай сұрақ қоямыз? Қай сөз табы? (Зат есім) 2. Аңдар қайда өмір сүреді? 3. Аңдар не істейді? ( жүгіреді, аулайды, жейді, қашады, секіреді, тістейді,..) ір сүреді? 3. Оларды неге жабайы аңдар дейді?
II. «Ыстық орындық» Бір топтың оқушысы ортаға шығады,ал екінші топ оқушылары сұрақтар қояды./5-6 сұрақ/ -Ең ірі жануар не? -Ең ауыр салмақты жануар не? - Ең кішкентай құс не? - Ең биік жануар не? III.Мәтінді түсініп оқып,ат қойыңдар. 1-мәтін.Тоқылдақ ағаш діңінде отыр. Ол тұмсығымен діңді тоқылдатады. Ағаш қабығында құрттар, көбелектер, қоңыздар бар. Тоқылдақ сол зиянды жәндіктермен қоректенеді. Олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді. Сондықтан тоқылдақ орман емшісі болып саналады. 2-мәтін. Қыран бүркіт – батылдықтың, батырлықтың, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің символы. Қазақстан Республикасының Туында бүркіт азаттықтың айбыны ретінде бейнеленген.Қазақтар бүркітті пір тұтатындықтан,оның атын қастерлеген. Балаларына да оған қатысты аттарды қойған. Олар: Бүркіт, Бүркітбай, Бүркітхан, Бүркітбек тәрізді есімдер. Тастүлек, Тірнек, Тірнекбай, Балапан сияқты есімдер де бүркітшілердің ырымдап қойған аттары. 1-топ :Тоқылдақ - дыбыстық талдау 2-топ: Бүркіт- септеуді тақтада орындау, дәптерлеріне жазу.
Иә,балалар бұл құстың суретін біз жиі көреміз.Өйткені ол біздің көк туымызда бейнеленген.Бұл-қыран құс.Ол аспанда қалықтап жүреді.Біздің көк туымызда аспанымызда желбірей берсін.Алдымызда қандай мереке ? Тәуелсіз Қазақстанымызға неше жыл? Қазақстан тәуелсіздігіне -25 жыл! IV.Сергіту сәті. «Қара жорға»
V.Сөзжұмбақты шешіңдер. Екі топқа екі түрлі сөзжұмбақ беремін.
VI. «Қолтырауын» әдісі. 1-Оқушы өз тобына мимика арқылы аңдарды көрсетеді,ал олар қай аң екенін табады./3-аңнан әр топ/
VII.Жұмбақтарды шешіңдер. /әр топ қарама-қарсы топқа 4 жұмбақтан айтады,олар шешуін табуы керек/ 1.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі) 2. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян) 3.Асты тас, 4. Әкесі – тышқан, шешесі - құстан Үсті тас, Күндіз ұйықтап, түнде ұшқан. Ортасында жанды бас. ( тас......) ( жар......) 5.Қанжардай тісі бар, Тасыған күші бар. Жалбыраған шашы, Білсең айт бұл аңды. ( а...................н) VIII.Сөйлемдерді толықтыр. /2-топқа әр түрлі сөйлемдер беру/ Киттің ұзындығы - ... Ең ірі маймыл - ... Алып тасбақаның салмағы - ... Пілдің салмағы - ... IX.Тест. Тест.
ә) түйе а) ақбөкен б) қарға 2. Суматра, амур қай аңдардың түрлері? ә)Піл а) жолбарыс б) қасқыр 3. Аптасына 6 рет қоректенеді, 8-10 кг ет жейді. ә) Бұғы а) Жабайы шошқа б) Жолбарыс 4. Қазақстан қызыл кітабына енгізілген. ә) Елік а) Жылқы б) Арыстан 5. Адам, жануарлардың қас жауы. ә) Қоян а) Қарсақ б) Қасқыр |
|
|||
Соңы
Үй жұмысы |
Рефлексия.Ал енді балалар бағанағы сиқырлы орманнан шыққан аңдар мен құстарымызды өз мекендеріне жіберейік. /балалар қолдарындағы суреттерді орманға,саваннаға жібереді/
Сөздікпен жұмыс. Өзіңе ұнаған аң не құс туралы шағын әңгіме жаз. |
|
|||
Қосымша ақпарат Қосымша1 суреттер Видео (сергіту сәті) |
|||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Оқушыларды мадақтау Смайликтер беру
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
|
|||
Жауаптарына сәйкес смайликтер тарату; Қабілетті оқушыға өзге оқушыларға іс – әрекетті орындату. |
|
Орыс тілі, бейнелеу өнері. |
|||
Рефлексия Сабақтың мақсаты, міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде? Жоспарланған саралау іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін бос орынды пайдаланып, сол жақтағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. 2. |
|||||
|
↧
Нәтиже сабақ «Жануарлар әлемі»
↧