7 сынып қазақ әдебиеті
№ 25 сабақ тақырыбы: «Көксерек».
Мақсаты: : Мұхтар Әуезов шығармашылығы туралы түсініктерін ұлғайту
Міндеттері: өз бетімен жұмыс жасауға жаттықтыру, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас , байланыс туралы түсініктерін анықтау
Құралдар: Мұхтар Әуезов суреті, оқулық, қасқыр суреті
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру (класстер бойынша әңгімелеу, шығармаларын толықтыру- Мұхтар Омарханұлы Әуезов )
Жаңа сабақ :
«Көксерек» әңгімесімен танысу – 77-78, 79-81 беттер- 1- 2 бөлімі
Тапсырма: әңгіме не туралы, Көксерек деген не? Ауыл адамдары оған қалай қарады? Т.б. туралы әңгімелесу
- Құрмашқа мінездеме беру – жазбаша
- Көксерекке сипаттама берілген жерін тауып жазып алу.
- 83 бет тапсырмалар № 7. – жазбаша орындау
Бекіту: Мұхтар Омарханұлы Әуезов кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
«Көксерек» әңгімесі не туралы?
Басты кейіпкерлерін атаңдар
әңгіменің соңы немен аяқталатынын білесіңдер ме?
( Қысқаша әңгімелеу)
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, шығарманы оқу, 82 беттегі сұрақтар бойынша әңгімелеу
Қорытынды: бағалау, қоштасу