7 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ № 23 Тақырыбы : Жамбыл Жабаев.
Мақсаты : Жамбыл Жабаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Жамбыл Жабаев туралы түсінікт беру, өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ ақындары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру, өздік жұмыс жасауға дағдыландыру, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Жамбыл Жабаев суреті, домбыра суреті
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу , өздік жұмыс жасау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: класстер бойынша әңгімелеу, №1,2,3 тапсырмалар, 74 бет- жазу, сұрақ-жауап жүргізу( Сәкен Сейфуллин туралы)
Жаңа тақырып:
Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын таулардың баурайларында туған , қазақ халқының ақыны, жыршы, күйші., айтыскер , Сүйінбай ақынның шәкірті. (ақын өз батасын берген)
« Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын» - деген екен Сүйінбай ақын.
тапсырма – 43-44 беттерді оқып және хрестоматиядан шығармаларының аттарын жазып алу ( өздік жұмыс)
тапсырма- Ұлы Отан Соғысы кезде жазған шығармаларына назар аудару, басты тақырыбын анықтау ( ел тағдыры сынға түскен ең ауыр сәтте жауынгерлерге күш, рух берген маңызды өлең).
«Ленинградтық өренім» - мәнерлеп оқу, сөздік жұмыс жасау.
Сұрақтар:
- өлең кім және не туралы?
- Ленинград қаласы қайда орналасқан?
- Ленинград қаласы қазір қалай аталады?
- әр адам өз отанын не істеу керек?
- Бұл шығарма қанша тілге аударылған?
- өлең қай кезде жазылған?
- №5 тапсырма 47 бет- жалқы есімдерді теріп жазу.
Бекіту:
- Жамбыл Жабаев деген кім?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: 45- бет, мәнерлеп оқу, «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбына реферат жазу
Қорытынды: бағалау, қоштасу