7 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ № 22 Тақырыбы : Сәкен Сейфуллин.
Мақсаты : Сәкен Сейфуллин шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері Сәкен Сейфуллин туралы түсінікт беру, өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ ақындары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру, өздік жұмыс жасауға дағдыландыру, ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Сәкен Сейфуллин суреті
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу , өздік жұмыс жасау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
«Домбыра» жатқа өлеңінен үзінді жатқа айтуларын бағалау
Жаңа тақырып:
Сәкен Сейфуллин Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (бұрыңғы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы) өмірге келген. Әкесі домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болған, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертегілерді көп білетін адам болыпты. Әкесі оны орыс тілін үйренсін деп Нілдіде бір орыстың үйіне қояды. Одан кейін 2 жыл зауыт мектебінде оқиды. Сол кезде ол ауыр жұмыстың зардабын көріп, жұмысшыларға жаны ашиды.
1913 -1916 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды..
1914 жылы- алғашқы «Өткен күндер» атты өлең жинағы шығады. (Қазан қаласы) Мағжаннан кейінгі 20 жасында өлең кітабы шыққан қазақ ол кезде болған емес.
Ауылда мұғалім болып жүргенде ұлт-азаттық көтерілісі басталғанда халық жағына шығады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік, жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі көрнекті тұлғаға айналады.
шығармалары: «Бақыт жолында» драмасы.
«Аққудың айырылуы», «Ақсақ киік», «Сырсандық», «Тар жол тайғақ кешу»- романы, «Тұлпарым», «Бандыны қуған Хамит»-әңгімесі, «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары
1936 жылы ақын Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды.
1937 жылы 44 жасында жазықсыз жазаға ұшырайды. 1956 жылы толығынан ақталды.
ТапсырмаLөздік жұмыс) конспект жазу, Сәкен Сейфуллин кім ? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау- 70-71 беттер, оқулық және хрестоматиядан шығармаларының атауларын жазу.
мәнерлеп оқу: «Ананың хаты» -71 бет , кезекпен оқыту
сұрақтар:
- өлең кім және не туралы?
- Анасы кімге хат жазады?
- Ананың көңіл-күйі қандай? Неге?
- Баласы қандай адам болыпты?
- өздерің аналарыңды осылай тастар ма едіңдер?
Бекіту: Сәкен Сейфуллин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер? Мақал-мәтелдермен танысу.
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, №1,2,3 тапсырмалар, 74 бет- жазу.
Қорытынды: бағалау, қоштасу