7 сынып қазақ әдебиеті
№ 20 сабақ тақырыбы: Ілияс Жансүгіров- лирик ақын.
Мақсаты: Ілияс Жансүгіров шығармашылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
Ілияс Жансүгіров өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, өз бетімен жұмыс жасауға жаттықтыру, қазақ ақындарының шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу .
Құралдар: : Ілияс Жансүгіров суреті, өлеңдері, хрестоматия
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру (рөлге бөліп оқу)
Жаңа сабақ : Ілияс Жансүгіров – лирик ақын.
Ілияс Жансүгіров- ақын, жазушы, драматург, аудармашы, халық ауыз әдебиетін зерттеп жинаған, жасынан домбыра тартады, ән салады.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында туған.
1920 ж- Алматыда оқиды, кейін Ташкентте мұғалімдер даярлайтын институтта оқиды
1928 ж- Мәскеуде Журналистика институтын бітіреді
«Қазақстан» баспасының директоры қызметін атқарады
1938 жылы репрессияға ұшырады
әңгімелері «Куң өлімі», «Жарапазан», «Сыйға – сый, сыраға - бал», «Шешілмеген жұмбақ», «Жолдастар»- романы Фельетондары: «Құқ», «Құйрықты базар», «Ұяның ұясы, қожаның дорбасы», т.б.
|
Пьесалары- «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» |
– поэмалары- «Дала», «Күйші», «Құлагер» – өлеңдері - өз беттерімен атауларын жазу(үй тапсырмасы) «Гималай», «Мәскеу-Қазақстан», «Домбыра», « Түс», «Орман» т.б. «Жазғытұры |
Тапсырма: конспект жазу
(Ілияс Жансүгіров 5 томдық жинағы, 1 том, 68 бет)
«Жазғытұрым» -1922 ж
Ой, балалар, балалар! Әне! Апамдар қой сауған.
Жылы-жылы жел соқты, Құс ұясын түзеді,
Жылғалардан су ақты. Тайымды ағам күзеді.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, Ел ешкісін қырқыпты,
Жер қарайды-жаз кепті. Егіндерін жыртыпты.
Желкілдейді көк майса, Ой, балалар, балалар!
Желіндейді мал жайса. Ойналық та, күлелік,
Ауыл көшті қыстаудан. Қос басына мінелік.
өлеңмен таныстыру, мәнерлеп оқыту, жыл мезгіліне тән қасиеттерді суреттеу шеберлігі туралы әңгімелесу( Абайдың шығармашылығының әсері бар екені туралы айта кету)
Бекіту: Ілияс Жансүгіров кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: өлеңдері - өз беттерімен атауларын жазу(10)
Қорытынды ( бағалау, қоштасу)