7 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №19 Тақырыбы : «Айт күндері»
Мақсаты : Бейімбет Майлин шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: Бейімбет Майлин туралы түсініктерін бекіту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ халқының салты туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Бейімбет Майлин суреті, шығармалары
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлге бөліп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысын қайталау:
Бейімбет Майлин туралы әңгімелесу, кроссводтарымен танысу, бағалау Бейімбет Майлин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Жаңа тақырып:
Бейімбет Майлиннің «Айт күндері» шығармасымен танысу – оқулық 65-67 беттер
68 бет, сұрақтарға жауап беру(ауызша),
№ 5 сұраққа жауап беру үшін хрестоматиядағы әңгімемен танысу (Айт күндері» әңгімесіне қосымша – «Сымайыл және құрбан айт» – 70-71 бет
Жаңа сөздерді жазып алу: құрбандық шалу, намаз, әмір, құдірет, құтқару
Тапсырма:
«Айт күндері» әңгімені рөлге бөліп оқу
Бекіту: Бейімбет Майлин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
қай қалада оқуды бастаған?
неше жасынан өлең, әңгіме жаза бастады?
Үйде: үй тапсырмасы: рөлге бөліп оқу, 65-67 беттер, оқулық.
Тілектер жазып келу. (шығармашылық жұмыс)
Қорытынды: бағалау, қоштасу