Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ әдебиеті 6 сынып. Ш. Мұртаза. Тұтқын бала

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза. Тұтқын бала

Сабақтың мақсаты:

  1. Жазушы бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,  әңгіменің мазмұнын  және идеясын ашу
  2. Шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын  арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
  3. Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: «Жигсо – 1» стратегиясы,  талдау, ойландыру, баяндау.

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, сызбалар, суреттер, парақшалар.

Пәнаралық байланыс:  география, тарих

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

 «Ой шақыру». Сөзжұмбақ шешу

  1. Жаңа сабақ:

 Ұраны: «Бір-бірімізді қайталамай, толықтырамыз өзгертіп айтамыз. Әрқайсымыз қатысуға ынталанамыз. Бір-бірімізді тыңдаймыз.Тақырыпка байланысты еркін сөйлесеміз».

Топтастыру.

Ш. Мұртаза

 

  • Әр оқушының жазушы жөнінде не білетіндіктерін анықтап алу негізінде жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің баяндауы.Тұрар Рысқұлов өмірі мен оңың қазақ тарихындағы алатын орны, белгілі қоғам қайраткері болғандығы түсінік беріп кету.Әңгіменің негізгі мазмұны мен идеясына тоқталу

  1. «Жигсо – 1» стратегиясы. Әңгімемен жұмыс

 (топтық жұмыс: жұмыс тобы – 1,2,3,4; қызметтік топ – 1111, 2222, 3333, 4444).

- сыныпты  төртке бөлу - 1,2,3,4;

- номерлер бойынша оқушыларды бір столға отырғызу;

- оқушылардың өздеріне берілген әңгіме бөліктерін талдауы;

- оқушылардың өз орындарына отыруы;

- әңгімені бір-біріне айтуы;

- топтан бір оқушының өзге топтан қойылған сұрақтарға жауап беруі.

  1. Сабақты қорытындылау:

- Тұрардың түрмедегі өмірі жайлы не айтамыз?

-Оның әкесі туралы не білесіңдер?

-Приходько мырза, Наташа, Аркадий жайлы не білесіңдер? Олар қандай адамдар?

- Тұрардың мектептегі оқу,тілмәштық қызметі, іс-әректі туралы не айтасыңдар?

  1. Сабақты бекіту: Топтардың бір-біріне сұрағы
  2. 6. Үй тапсырмасы: Әңгіменің мазмұнын айту. Т.Рысқұлов жөнінде реферат

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles