Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының №21 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Реимбае Камшат Муратбаевна
Сабақтың тақырыбы: Бітеу буын. Тасымал
Сабақтың мақсаты: білімділік: буын жайлы жалпы білімдерін толықтыру; бітеу буынды түсіндіру; тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтінін туралы түсініктерін тереңдету;
Дамытушылығы: Буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту; ауызша және жазбаша тілді дамыту; шығармашылық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелілігі: пәнге деген қызығушылығын ояту; ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмыстары, математикалық талдау, шығармашылық тапсырмалар;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланысы: әдебиет, логика
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 305-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп, көшіріп жазу.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында пысықтау сұрақтары қойылады:
- Буын дегеніміз не?
- Буынның түрлерін ата?
- Ашық буын қалай жасалады? Мысал келтір.
- Тұйық буын қалай жасалады? Мысал келтір.
Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алынады.
Тақтаға күннің жады, тақырып жазылады.
Жаңа сабақ
-Біз бүгін, буынның үшінші түрімен танысамыз яғни, бітеу буын.
Тақтаға дауысты мен дауыссыздың жетоны ілінеді.
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ