Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Бахыт Оразбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі
Сабақтың мақсаты: - білімділік - оқушыларға А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын айту, ақынның аудармаларына шолу жасау, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау; - дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы өз ойын еркін, сауатты әрі дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру; - тәрбиелік –мәдениеттілікке, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баули отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне, ақын уағыздаған жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабак
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, таладау
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Үй тапсырмасын тексеру
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу
- «Ақын ініме» өлеңін жатқа айту
Сұрақ-жауап
1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
2.Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?
3.Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Үй тапсырмасын бекіту Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек,қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады
Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы (презентация)
IV.Жаңа сабақ.
- Сабақтың мақсаты түсіндіріледі
- Оқушыларға мәнерлеп оқытады.
- Өлеңде айтылығын өзекті ойдың мәнісі
- Автор оқушыларына нені ескертеді
Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.
Топтастыру стратегиясы:
«Қасқыр мен қозы» «Қайырымды түлкі» «Ала қойлар»
А.Байтұрсынұының мысал өлеңдер
«Үлес» «ыстын «Қартайған арыстан»
«Өгіз бен бақа» «Ат пен есек» «Қайыршы мен Қыдыр»
Сөздік жұмысы
1) Маңғаздану – паңсыну, тәкәппарлану;
2) Мақтаншақ адам – өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам;
3) Әддін – шамасын, күшін
4) ғибрат – үлгі, өнеге
5) Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу
Топпен жұмыс
1-топ. Концептуалдық кесте
Р/с |
Шығарманың аты |
Кейіпкер |
Адамгершілік қасиеті |
Кейіпкерге берілетін баға |
Ой-тұжырым, мақал-мәтел, |
1 |
«Екі шыбын» |
шыбын |
төмен |
мақтаншақ |
Ғылым таппай мақтанба |
2-топ. Өлең құрылысына талдау
Өлең құрылысына талдау
1) Авторы
2) Тақырыбы
3) Жанр түрі
4) Идеясы
5) Шумақ
6) Тармақ
7) Бунақ
8) Буын саны
9) Ұйқас түрі
10) Әдеби теориялық ұғым
11) Өлеңнің тәрбиелік мәні
3-4 топ.
Екі шыбын бейнесі
5-топ: Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттер бар
Қорытынды: Ой толғаныс» сатысы. Бес жолдыөлең.
Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
Синоним:
Сөйлем:
Үйге тапсырма
1.«Екі шыбын» мысалын жаттау
- «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу.
3.Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар
Бағалау: Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қою
- Бұрын өткен мысалдарды еске түсіріңдер. 5-класта өткен «Егіннің бастары» өлеңінің ғибраты қандай болып еді? (Көрсеқызар, мақтаншақ болмау, әлі келмейтін іске ұрынбау)
- Қандай мақалмен тұжырым жасауға болады? (Бидайдың басын көтергені – дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені ақылы жоқтығы)
- 6-класта өткен «Қара бұлт» өлеңінде қандай түйін бар? Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын сынап, таудың сөзімен қарапайым болуға, еліне пайдалы еңбек етуге шақырады)
Қорытынды:
«Ой толғаныс» сатысы. Бес жолды өлең.
Затесім: Ахмет
Сын есім: шебер, суреттер.
Етістік: аударды, шығарды, кейіптеді.
Синоним: ақын, мысалшы, аудармашы.
Сөйлем: Ахмет – ХХ ғасырәдебиетшісі
Қорытынды:
Бағалау: Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қоюу
Үйге тапсырма
1.«Екі шыбын» мысалын жаттау
- «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу.
3.Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар