Пәні: Қазақ тілі
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктердің райлары туралы түсінік. Ашық рай.
Сабақтың білімділік мақсаты: етістіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсететін басты белгілерінің бірі- рай категориясы туралы мағлұмат беру, оның мәнін ұғындыру.
дамытушылық мақсаты: оқушыларды етістік түрлерінің бір-бірімен байланыстылығын, олардың ғылыми негізінің ұштастық жақтарын өздері байқай алатын нәтижеге жеткізу, көріп- байқағандары туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру
тәрбиелік мақсаты: етістік райларын практикалық өмірде түсініп қолдануға, байланыстырып сөйлеуге үйрету, оқушыларды адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Әдісі: баяндау,оқу құралдарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар,етістіктің рай турлеріне арналған кесте,дидактикалық қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу,оқу процесіне даярлау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
- Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру. Сұрақ- жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі. Етістіктің қолдану аясы да, мағынасы да кең сөз табы екендігі ескеріледі.
- Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.
Мұғалім: -Қазақ тілі сабағында етістіктің мәнін, маңызын байқап келесіңдер. Етістік қимыл-әрекеттің атын ғана білдіріп қоймайды,оның шақтық,жақтық мағыналарын да көрсететін өткен сабақтарда байқадыңдар. Рай категориясы-қимыл,іс-әрекет айтушының не сол қимыл-әрекетті хабарлаушының пікірімен, ол пікірдің іске асуымен де байланысты екені белгілі.
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсаланда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады.
Үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.
1- кесте
Етістік райлары туралы түсінік |
1. Ақыл азбайды,білім тозбайды. Үгітті ұққанға айт, ақылды жұққанға айт. Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас. Менің оқығым келеді. Оның айтқысы келеді |
Әр топ бойынша талдау жасалады.
Үлгі: Бұл мысалдарға азбайды, тозбайды,айт,жүрсең,жұқпас деген етістіктер азбау,тозбау,айту,жүру,жұқпау қимыл –әрекеттерін ғана білдіріп тұрған жоқ,сонымен бірге сол қимыл-әрекеттің орындалу шартын / жүрсең/, орындалуын талап ету\ айт\,белгілі бір мезгілде\шақта\ ,іске асуын \азбайды,тозбайды,жұқпас\ көрсетіп тұр.
Кейде сөйлеуші не тыңдаушы адамның қимыл,әрекеттің орындалуына ықылас-ниетін де байқатып тұрады. Мысалы: Менің оқығым келеді,оның айтқысы келеді, сенің барғың келеді дегендегі оқығым келеді,барғым келеді қимылдарының орындалуынан сөйлеуші,тыңдаушы адамдардың ықылас-ниеті ,талабы байқалады
5.Жаңа материалдың ( етістік райының) маңызды белгілерін ажырату.
а) Бұл мағыналар грамматикалық тұлғалар арқылы берілген.
ә) Сол грамматикалық тұлғалар сабақтың (етістік райының)маңызды белгілері болады.Мысалдардағы : азбайды,тозбайды,жұқпас деген етістіктердегі көсемшенің –й жұрнағы, есімшенің –с жұрнағы арқылы: оқығым келеді,айтқысы келеді,барғың келеді дегендердегі қимылдың іске асуына сөйлеушінің ниеті,ықыласы етістік түбіріне –ғы жұрнағы ,содан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып,оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған.
Кестедегі төрт түрлі сөйлем оқылды,етістіктердің мағынасымен, грамматикалық тұлғасымен таныстырылды. Олар мыналар: бірінші сөйлемге қатысты ашық рай,екінші сөйлемге қатысты бұйрық рай,үшінші сөйлемге қатысты шартты рай,ал төртінші сөйлемге қатысты қалау рай болады.
6.Жаңа материалдың маңызды белгілері мен айрықша мәнін дәлелдеу: дидактикалық материалдармен, оқулықпен жұмыс,түрлі жаттығуларды орындау.
163-жаттығу.
Тапсырма.
Мәтінді көшіріп жазып, етістіктердің жасалуына, қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.
164-жаттығу.
Тапсырма.
Етістіктерді теріп жазып, морфологиялық таладу жасаңдар.
165-жаттығу (ауызша)
Оқып шығып, ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.
167-жаттығу.
Тапсырма.
Төмендегі ашық райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Оқыды, айтыпты, тыңдап отырмыз, озар, жазған.
7.Логикалық ой қорытындысын жасау.
№ |
Рай түрлері |
Жасалу жолдары |
Мысалдар |
1
2
3
4. |
Ашық рай
Бұйрық рай
Шартты рай
Қалау рай |
Іс қимылдың қай жақта,қай шақта тұрғаны ашық айтылады
Үнемі ІІ,ІІІ жақта бұйрық мәнде беріледі.
-са,се жұрнағы арқылы жасалады
-қы,кі,ғы,гі,са,се, жұрнағына игі еді тіркеседі. -қай,-кей,-ғай,-гей
|
Отырмын,жазып отырсың,алды,айтыңыз
Отыр,ал,алдыр,алсын, айтайтсын,келіңдер,кел.
Отырса,жазса,алса, айтса,келсе,болса
отырғым келеді,барса игі еді,келгей,көргей,білгей, айтқай |
8.Үйге тапсырма:өздері оқып жүрген көркем шығармадан рай мәнінің төрт түрін көрсететін төрт түрлі сөйлем жазып,етістіктің грамматикалық тұлғасына қарай талдау.
168- жаттығу.
Ашық райлы етістіктерді қатыстырып, «Анамның мамандығы» деген тақырыпта шағын хабарлама жазыңдар.
169-жаттығу. Көшіріп жазып, әңгімеге ат қойып, ашық райлы етістіктерді талдау.
- Бағалау.