Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

9-сыныпқа арналған емтихан сұрақтары

$
0
0

Орыс сыныптарына арналған емтихан сұрақтары 

қазақ тілі  

9-сынып 

Төмендегі емтихан билеттері 9-сыныптың оқу бағдарламасына, оқу стандартына сай құрастырылды 

№1 билет

  1. Отбасы тәрбиесі туралы айтып беріңіз.
  2. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы әңгімелеңіз
  3. Мәтін кім туралы және мәтіннен септеулік шылауларды тауып, түрлерін анықтаңыз.

Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып  молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқудан соң Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Абайдың қара сөздері имандылық, адалдық, әділдік туралы шақырады. Сонымен қатар, ол орыс классиктерімен қоса шығыс ақындарының да шығармаларын қазақ тіліне аударған.

№ 2 билет

  1. Тұңғыш ғалымдар туралы айтыңыз
  2. Жай сайлем және оның түрлері туралы мысалдармен айтып беріңіз
  3. Жалғаулық шылаулар туралы айтып беріңіз. Сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып, түрін анықтаңыз.

Арыстанбаб – әрі ақын, әрі жұлдыздарға қарап адам тағдырын болжаған.  Байжан да, Жұмабекте мұндай олжаға кездесеміз деген жоқ еді.  Абай көше ортасында ақырын тосып калып еді, бірақ топ ішінен мұны байкап елеген бір адам да жоқ. Кейінгі күндері Айдар сабаққа дайындықты қойды немесе сабаққа келмей қалатын болды. Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды. Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты.

 

№3 билет

  1. «Емтихан» тақырыбы бойынша не айтасыз?
  2. Құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы мысалдармен айтып беріңіз
  3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы. Ол Еуразия құрлығының орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз, дербес мемлекет. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

 

№ 4 билет

  1. Сенің арман мектебің қандай болғанын қалайсың?
  2. Демеулік шылаулар және оның түрлері туралы айтып беріңіз
  3. Сөйлемдерден тұрлаулы сөйлем мүшелерін табыңыз. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалағанын айтыңыз

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Ол-халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.  Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес,басқа да елдерде –Ресей, Өзбекістан, Түркменістан, Қырғызстан,  шетелдерде - Монғолия, Қытай, Ауғанистан, Ирак, Түркия т.б елдерде тұратын қазақтардың  да ана тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс қағаздар тілі

 

№ 5 билет

  1. Болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін қандай шәкірт болуымыз керек?
  2. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы мысалдармен дәлелдеп айтып беріңіз
  3. Сөйлемдерден оқшау сөздерді табыңыз. Орын тәртібін анықтаңыз

-Балақай, сурет сала білесің бе? -Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. -Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау! Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! 

 

№ 6 билет

  1. Атақты спортшылар туралы не білесіз?
  2. Үстеу және түрлері туралы айтыңыз
  3. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз, біріңғай сөйлем мүшелерін табыңыз

Мен дәптер, кітап, қалам, күнделік және қарындаш сатып алдым. Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардан алданбайсың.  Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде. Бір батальон артта, алыста. Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады. Асан мен Үсен жұртта қалын қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.

 

№ 7 билет

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы айтыңыз
  2. Жалғаулық шылаулар және оның түрлері туралы айтыңыз
  3. Қарапта сөздерді табыңыз. Орын тәртібін анықтаңыз

 Рас, менің байқауымша, сіздің халық — ақын халық. Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!— деді. Менің ойлаған ойымның үстінен түстің,Ботагөз. -Уа, Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады? Ана керек,о адамдар,ана керек адамға. .-Апыр-ай,қалай барам, қалай барам? Түс ауа үйге Рахат келді. Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды. Сенің атың қалай, балам? 

 

№ 8 билет

  1. Қазақстандағы «Тарлан» сыйлығы туралы айтыңыз.
  2. Қыстырма сөздердің орын тәртібі және ерекшеліктері туралы айтыңыз
  3. Мына төл сөзді сөйлемдерді төлеу сөзді сөйлемдерге айналдырыңыз

"Мен көлден аққуларды көрдім", - деді аңшы.

 Мұғалім айтты: "Фарида,   бор алып келші!" «Үйге кір, балам, шай ішіп кет», -  деді әжей

Марат былай деп жауап берді: -Кешіккендер сыбағадан құр қалады.

Директор: - Мұны қалай түсінуге болады? -  деп сұрады.

–Бұл қыз менің қарындасым ,- деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп 

– Көкем сені шақырып жатыр, - деді Абзал Мақсатқа қарап.

 

№9 билет

  1. Қазақ қолөнері туралы не білесіз?
  2. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілер. Үтір, қос нүкте, тырнақшаның

сөйлем ішінде қолданылу қызметіне қатысты не айтасыз

  1. Төменде берілген төлеу сөзді сөйлемдерді сөл сөзді сөйлемдерге айналдырып жазыңыз

Мади жексенбі күні Медеуге баратынын айтты 

Абай бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық болуды айтады.

Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады.

Ол – Шоқан Уәлихановтың қырғыз халқына да қадірлі адам екендігін айтты.

Асан әкесінің көп жылдардан бері Жарасбайдың жылқысын бағатынын айтты.

Салтанат маған ертең сабаққа келмейтінін айтты.

 

10-билет

  1. Қазақ халқының туыстық атаулары туралы айтыңыз
  2. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер туралы не білесіз?
  3. Септеулік шылауларды тауып, қай септікпен бірге тұрганын айтыңыз.

Павлодар облысы Қазақстанның индустриялық және мәдени жоғары дамыған өңірлерінің бірі.  Ол қалага оқу ушін келді. Ауылға қарай аяңдады. 1950 жылдан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Қырық жылға жуық уақыт «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор болды. Бұдан кейін, он жасар Абай діни медресеге түседі. Сонымен қатар, ол орыс классиктерімен қоса шығыс ақындарының да шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

 

№ 11 билет

  1. Киіз үй туралы не білесіз?
  2. Төл сөз және оның орын тәртібін, тыныс белгісін түсіндіріп беріңіз
  3. Сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз, түрін анықтаңыз

Әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып  молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша білім алады. шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да халық. Күн жылы болғандықтан , біз серуенге шықтық . Машина жолда бөгелмесе,тура үш сағатта барамыз.

 

№ 12 билет

  1. «Қазақстанның болашағы- жастар» тақырыбында не айтасыз?
  2. Қаратпа сөздер және оның орын тәртібі, тыныс белгісі туралы айтыңыз
  3. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз

Мен әрі толқыдым, әрі өзгеше бір сенімділік барын сезіндім. Олар уәделі жерге кеш жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты.  Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды. Я көңіліміз аспандап жеңіске жетеміз, я абыройымыз аяқ асты боп жеңілеміз. Құс қанатын жазып бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды. Бәріміз шақырған жерге барайық немесе күйбең тірлігімізді жалғастырайық.  Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық. Байсалды қалыпта сыр бермей тұр, бірақ жанарын тайдырып әкете берді. Ол өз бумасын көтерді және жол көрсету үшін алға түсті. Биыл астық жақсы шықты, өйткені жаңбыр жақсы жауды. 

 

 

№ 13 билет

  1. Ғабит Мүсіреповтің мұражайы туралы айтыңыз
  2. Құрмалас сөйлемдер туралы толық анықтама беріңіз
  3. Мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз

Адамның асыл қасиеттері

Ұлттың басты байлығы – халықтың асыл қасиеттері. «Әкенің баласы

болма, адамның баласы бол». Халық үшін еңбек ет. Өзің үшін ғана өмір сүру – озбырлық. Мал үшін таласпа, ар үшін талас.Жасырғаның жоғалады, бергенің оралады. Адамның ең асыл қасиеті – жақсылықта. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Мінің көріп күлгенше, оны айтып түзе. Егер екі адам шын жауласса, екеуі де ақылсыз.

 

 

 

 

№14 билет

  1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесіз?
  2. Шылаулар. Шылау түрлері туралы не айтасыз?
  3. Жай сөйлемдерді тауып, түрін анықтаңыз

Егінші мен қасқы

Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші.

 

 

№15 билет

  1. Қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы не білесіз?\
  2. Қыстырма сөздер. Қыстырма сөздердің орын тәртібі, тыныс белгісі туралы айтыңыз
  3. Мәтінді сөйлем мүшелеріне талтаңыз

Торғай.

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. 

 

 

 

 

№16 билет

  1. Отбасы тәрбиесі туралы айтып беріңіз.
  2. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілер. Үтір, қос нүкте, тырнақшаның

сөйлем ішінде қолданылу қызметіне қатысты не айтасыз?

  1. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз, біріңғай сөйлем мүшелерін табыңыз

Мен дәптер, кітап, қалам, күнделік және қарындаш сатып алдым. Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардан алданбайсың.  Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде. Бір батальон артта, алыста. Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады. Асан мен Үсен жұртта қалын қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.

 

№17 билет

  1. Отбасындағы асыл адамдар туралы айтыңыз
  2. Үстеу. Үстеудің түрлері, сұрақтары туралы айтыңыз
  3. Мәтіннен шылауларды табыңыз

Дулат Исабеков.

Дулат Исабеков - драматург, көптеген пьесалар мен повестердің  авторы, публицист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан»  сыйлығының иегері. Д.Исабековтің шығармалары ішіндегі «Әпке», «Ертеңгі күту», «Анасын аңсаған қыз», «Мұрагерлер», «Тор», «Жаужүрек», «Актриса», «Ескі үйдегі екі кездесу»  және тағы да басқалары қазақ драматургиясының асыл қазынасына айналған. Автордың шығармасындағы ең жағымды бейнесі - біздің өміріміздегі қиындықтар мен тағдыр тауқыметіне қарсы тұра білетін замандасымыз, ақырына дейін еш құрмет пен атақсыз-ақ өз келбетін сақтап қалдыруға тырысатын тұлға. Заңғар жазушының туындылары Еуропа елдерінде кітап түрінде аударылып, шығарылуда. Жазушының шығармалар желісі бойынша бірнеше фильмдер түсіріліп, көптеген қойылымдар сахналанды.

 

№18 билет

  1. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің? Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
  2. Демеулік шылаулар. Демеулік шылаулардың түрлері туралы не айтасыз?
  3. Мәтіндегі сызықшалардың қойылу себебін түсіндіріңіз.

 

 Менің Отаным - Қазақстан.

   Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі -  Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтік аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

 

№19 билет

  1. Атақты ғалымдар туралы не білесіз?
  2. Жай сөйлем және оның түрлерін мысалдармен дәлелдеңіз
  3. Мәтін құрамындағы  жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз                                

   

 

Жазғы саяхат

  Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет

көрдім. Астана – үлкен қала. Жазғы Астана  өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Маған Астана өте ұнады.Мен жазғы демалысымды өте көңілді өткіздім.

 

№ 20 билет

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі туралы айтыңыз
  2. Оқшау сөздер. Оқшау сөздердің түрлері және ерекшеліктері туралы айтыңыз
  3. Мәтіннен бір құрмалас сөйлем, бір жай сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз

 

Отбасы - сыйластық ортасы.

 

Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.

         Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.

 

№21 билет

  1. Болашақ таңдаған мамандығыңыз туралы айтып беріңіз
  2. Қыстырма сөздердің білдіретін мағынасын сөйлемдер арқылы дәлелдеңіз
  3. Мәтіннен 5 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

 

Күтпеген көмек

Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң, шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауынан тістеп көтеріп алды.

 

№22 билет

  1. Мұражай туралы не білесің?
  2. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің түрлерін тыныс белгілері, ерекшеліктері туралы айтыңыз
  3. Мәтіннің тыныс белгілерін қойыңыз.

Тайқазан

Тайқазан Түркістандағы қасиетті қазан түркістан қаласында Ахмет Яссауи кесенесі бар бұл ғажайып кесененің ішінде алып қазан тұр  қазанды 1399 жылы Атабай деген жерде жасаған  ол 7 металл қоспасынан құйып жасалған оның құрамында темір мырыш қорғасын мыс күміс алтын бар бұл алып қазанға 60 шелек су сияды қазанның салмағы 2 тонна  тайқазан  терең дәстүрден тамыр алып исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз болатын бұл күнде Тайқазан – рухани астана киелі Түркістан қаласында.

 

№23 билет

  1. Қазақ халқының қолөнері туралы не білесіз?
  2. Одағайларды қатыстырып сөйлемдер жазыңыз
  3. Мәтін мазмұны бойынша жалғаулық шылаулармен сөйлемдер құраңыз

Астана

   Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана.Ол Есіл өзенің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

      Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Есіл өзенің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі,Жастар сарайы көп қабатты үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.       Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.Астана-болашағы үлкен қала.

 

№24 билет

  1. «Емтихандар тапсырамыз » тақырыбында әңгімелеңіз
  2. Септеулік шылаулар туралы айтыңыз
  3. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, талдаңыз

 Дене шынықтырудың пайдасы.

 

         Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар.  Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес.

 

№25 билет

  1. Атақты ғалым- Шоқан Уәлиханов туралы не білесіз?
  2. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілер және олар қандай жағдайларға кездеседі?
  3. Мәтін желісі бойынша төл сөзі мен автор сөзіне 5 сөйлем жазыңыз

Бауырсақ

Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

 

№26 билет

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы не білесіз?
  2. Себеп – салдар үстеулерін мысалдармен айтып беріңіз
  3. Мәтіннің мазмұны бойынша бес төлеу сөзді сөйлемдер жазыңыз

Ермегім-кітап оқу.

    Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды. 

Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек.

 

№ 27 билет

  1. «Қандай шәкірт болуымыз керек?» тақырыбында не айтасыз?
  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың ерекшеліктері туралы айтыңыз
  3. Мәтіннен төл сөз және автоор сөзін табыңыз. Орын тәртібін түсіндіріңіз

Жақсыдан үйрен...

       Дарханның Алмас атты өзімен құрдас досы бар. Ол екеуі егіз қозыдай тату-тәтті. Бірге оқиды, ойнайды.

      Екі дос Дархандікінде түрлі суретті ертегі кітаптарды оқып, қызық ойындар ойнайды. Дарханда кітап көп болатын. Оған әкесі де, шешесі де, туыс-жақындар да қызықты кітаптар әкеліп беретін. Алмас пен Дархан аулаға шықпақшы болды. Тысқа шығар алдында Дархан кітаптарын сөрелерге алғашқы тұрған орын-орнына қоя бастады. Ойынға асығыс тұрған Алмас:

-Дархан, не істеп жатырсың? – деп сұрады.

- Көрмей тұрсың ба? -деді Дархан – кітаптарды жиыстырып, орнына қойып жатырмын.

- Оған несіне әуре боласың. Шешең келген соң өзі реттеп қоймай ма?

-Онсыз да апамның жұмысы көп.

 «Мен өз шешемді аямайды екенмін-ау. Оған қолғабыс етудің орнына кітап, дәптерлерімді шашып тастағаным дұрыс емес қой», - деп ойлады Алмас.

 

№28 билет

  1. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтыңыз
  2. Автор сөз және орын тәртібін мысалдармен дәлелдеңіз
  3. Баяндауыштары есім сөздерден болған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз 

Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғыстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерімен шектеседі.

Қазақ жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық дала, көлдер мен шөлдер бар. Республикамыз түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады.         Қазақстанның ауа райы құрғақ. Таулы аймақтарда ылғал молдау.

 

 

№ 29 билет

  1. Қазақ халқының ұлттық билері туралы айтыңыз
  2. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолындарын мысалдармен түсіндіріңіз
  3. Мәтін мазмұны бойынша бес салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз

 

Ауылда.

 

Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған  дауысымен  ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды  өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы – лақтарды қораға шығарып, құстарға  жем  салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз  жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.                                                                                                           

 

№ 30

  1. Денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы айтыңыз
  2. Төлеу сөз. Мысалдармен дәлелдеңіз
  3. Шылауларды тауып, түрлерін анықтаңыз

 

Тамақ түрлері.

 

         Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпады. Тамақ арқылы адам ағзалары белокпен бірге  май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдермен  қамтамасыз етіледі.

        Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Қытайдың оңтүстігінде күріш, ал солтүстігінде кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.

          Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен және екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе, мүмкіндігің бар.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>