Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Мемлекеттік тілді меңгерту барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру.

$
0
0

Алматы қаласы Бостандық ауданы

№22 мектеп- гимназияның

қазақ  тілі мен  әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі.

Лесова  Ақмарал Кеңесқызы

 

                             Мемлекеттік тілді меңгерту барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру.

 

             Еліміздің  «Тіл туралы»  заңында: «Тіл- ұлттың  ұлы  игілігі,  әрі  оның  өзіне  тән ажырамас  белгісі, ұлттық  мәдениеттің  гүлденуі мен адамдардың  тарихи  қалыптасқан  тұрақты   қауымдастығы  ретінде  ұлттың   өзінің  болашағы-  тілдің   дамуына,   оның  қоғамдық  қызметінің  кеңеюіне  тығыз  байланысты»- делінген. Мемлекеттік  қазақ  тілін  дамыту-  басты  мәселе. Келелі  мәселенің   шешілуіне   қазақ  тілі  пәнінің   мұғалімдері    бүгінгі таңда  үлестерін  қосуда. Қазақ  тілін   білетін азаматтарды   тәрбиелеу -біздің еншіміздегі  міндет.

             Мемлекеттік тілді меңгерту барысында ұстаздар қауымы  небір заманауи  технологияларды   тиімді пайдаланады. Әр  мұғалім    өзіндік  танымы мен  шеберлігіне   сай   әр  түрлі  деңгейде    жүзеге  асырады.

             Мен де  өз  сабақтарымда   оқушыларымды  оқыту, үйрету,  дамыту және  тәрбиелеу  мақсатында  технологиялардың   көмегіне  жүгінемін. Себебі,  оқытудың   тиімді  жолдарын  қолдану арқылы   білімнің   сапасын арттыратынымыз  сөзсіз. Мысалы, 4-сыныптарымда оқушылардың қығызушылығын ояту мақсатында «Сабақтың құпиялылығы» кезеңінде өзім  құрастырған ребустарды  пайдаланамын.

   2.3     ,,,     3.1  танец (қаз)

 ,   ( Жазғы  табиғат)

«Жануарлар  әлемі»  тақырыбына байланысты:

   мен  сен сіз ...  і-а 2.1. (жолбарыс)

  ,,,       , (керік)

 

   Ребустарды шешу баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Өйткені,  қызығушылық-  танымдық  іс- әрекеттің  қозғаушы  күші. Осы қозғаушы күшті арттыру арқылы  оқып үйрену барысында  оқушылардың  қабілетімен қатар   дарындылықтары ұшталады. Сонымен қатар, өзі күші мен мүмкіндігіне  деген сенімі молая түспек.

Оқушылардың  қызығушылығын  ояту  барысында   тізбексөздің  де  пайдасы  ерекше. Оқушының  сөздік  қорын  молайтумен қатар  олардың    танымдық  деңгейін  арттырады,  интеллектуалдылық  пен шығармашылық  деңгейлерін жоғарылатады. Мысалы, 4-сыныпта «Жануарлар әлемі» модулінде  тізбексөздерді  құрастырдым.

Камень

Сад

Бірінші әріп

 

 

 

 

 

 

 

                  


Т                А            С             Б         А          Қ          А

 

Путь

Үшінші  септік

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

Ж            О            Л               Б        А          Р       Ы       С

Душа

Дауысты, бірде  дауыссыз  дыбыс

Совесть

-лер

- ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

Ж        А        Н                У                    А          Р         Л       А         Р

            Бастауыш сыныптарда сонымен қатар ойын элементтерін пайдаланып отырамын.

4-сыныптың  оқушысы   ол  әлі ойын  баласы. Өйткені, ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың  қызығушылығы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды.Тиімді пайдаланылған  ойын  элементтері   сабақты  берік  меңгеруіне  берер жәрдемі мол.

І.«КІМ ЖЫЛДАМ?» ОЙЫНЫ. Берілген   әріптерден  сөздер  құрап жарысады.

Мысалы: «Қазақстан» немесе «Жезқазған»  сөзіндегі  әріптерді  пайдалана отырып сөздер құраулары керек.

ҚАЗАҚСТАН

ЖЕЗҚАЗҒАН

Қаз

Ақ

Ана

Ата

Нан

...

Аз

Қаз

Аға

Жаз

Ана

... 


ІІ «АДАСҚАН  ӘРІПТЕР» ОЙЫНЫ.
Мақсаты:  әріптерді  орындарына  дұрыс  қою арқылы сөз құрастыру.

«Қыс»  тақырыбына:

1.н,а,с,т,о,ж,л,е,қ

2.л,а,қ,қ,а,а

3.р.о.б.а.н

4.ң.ы,ш,ғ,а

5. р,а,ш,ы,ш


ІІІ.Сөзжұмбақтар  шешу.

 

1.2+2 

 

Т

 

 

 

 

 

А

 

 

 

Б

 

 

 

 

И

 

 

 

 

Ғ

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

                     

 2.Салмағы 1 тонна болатын  аң

3.Жақсы баға

4.Адамның досы

5.Берег

6.Ең кіші  кенгуру

7.Жайбасар,сылбыр-?

 

 

де

нау

ІV.«АДАСҚАН  БУЫНДАР»  ойыны.      

Мақсаты: оқушылар буындарды дұрыс қосу арқылы   сөздерді  құрастырады.

шіл

көк

рыз

тем

қаң

тар


  1. «ОРНЫН ТАП» ойыны.

Мақсаты: берілген  сөздер  тізбегін орнына  дұрыс қоя отырып,  сөйлемдер  құрап жазу.

Мысалы: Ауылда, атам, тұрады, мен, әжем. (Ауылда  атам мен әжем  тұрады.)

Жаздың, айы, шілде, ыстық. (Шілде – жаздың ыстық айы.)

Сабағы,  болды, кеше, сурет. ( Кеше  сурет сабағы  болды.)

Сөз соңында, тіл үйрету барысында  үлгерімі төмен оқушылардың өздері де ойын элементі араласқан сабаққа зор ынтасымен, жігерімен араласатыны байқалатынын  атап өткім келді.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының философиялық ой – түйінімен аяқтағым келеді: «Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі    ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көнілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.»

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2003
  2. Қайырбекова А.И., Барақова Қ.М. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін орыс мектебінің 4 – сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2004.

3.Сарбасова Қ.А., Сарбасова Қ.А. Сабақтың тиімділігін арттыру // Бастауыш мектеп. – 2004. — №11.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>