Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу
мектеп-балабақшасының бастауыш класс
мұғалімі Жалғасбаева Мейрамгүл Елемесқызы
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:1. «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту, өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
- Дамыта оқытудың тиімді әліс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғай білуге тәрбелеу.
Сабақтың әдіс –тәсілдері:Сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау, дәлелдеу, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кеспе сөздер, суреттісызба,сурет, ребус,т.б.
Сабақтың барысы.
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең
1.Қызығушылықты ояту. Мұғалім суретті сызбаны көрсетіп:
(әр түрлі сандардан салынған адамның, қойдың бейнесін)
- Өмір бойы жан-жануар бейнесін,
Салып келген суретшіге не дерсін?
Жауабын кім тез береді, білсе егер,
Қай сандардан сурет салды бұл шебер?
Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады
- Балалар біздер нелер туралы айттық?
- Сандар туралы, ендеше бүгінгі өтетініміз «Сан есім» екен
- Тақтадағы заттарды атау, санау, сұрақтар қою
- Сан есім дегеніміз не? Ой тұжырымдамасын жасау.
- Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары қанша? неше?
нешінші?
- Операциялық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс: 498-жаттығу-ауызша орындалады
Қарамен жазылған сөздерді қандай сұраққа жауап береді? Ол сөздер нені білдіреді?
1-топ Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
2-топ Жұмбақтың бірінші жолын жазып, сан есімнің астын сызу
3-топ Жұмбақтың екінші жолын жазып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету.
Сергіту жаттығуы: Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамда
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ
500-жаттығу-өз бетінше жұмыс
Ребусты шешіп, сөйлем құрау.Әр топ бір-бір сөйлем айту
501-жаттығу Берілген сөздердің сан есім екенің дәлелдеу
Үлестірмемен жұмыс
Неше?
Нешінші?
Бес
Жетінші
Тоғыз
Отызыншы
Заттың санын, ретін білдіреді
Бойында сан есімі бар жұмбақтар шешу
- Бір ағаштың он екі бұтағы ар
Әр бұтағында отыз жапырағы бар, Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара
(жыл,ай, күн мен түтін)
- Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта
Сөйлейді шежіредей адам соқса
(домбыра)
3.Екі достың бірі ыңғайлы, бірінің ебі жоқ
Екіуін де бірдей көрем, маған артық-кемі жоқ
(оң қол мен сол қол)
3.Рефлексиялық- бағалау кезең.
Ойын: «Сөз ойла, көп ойла?» кім ішінде саны бар сөздерді көп жазады екен, музыка қосылады, сол музыка аяқталғанша жазады.
Мысалы: 6қарасуе, 2бастұз
-Сабақ барысында берілген бағалау парағын толтырып топ басшы береді
-Біздің бүгінгі сабағымызға қонақ болып тілші келген екен, ортаға тілші ТемірханқызыАйдананы шақырамыз
-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Сабақта өзінді нешеге бағаландың?
-Сабақтан нені үйрендің?
-Сан есім дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 501-жаттығу, ережені жаттау.