5 сынып
Сыныптан тыс іс – шараның тақырыбы: «Ұлы Жеңіске мың тағзым!»
Іс – шараның мақсаты:
- Білімділік: Ұлы Отан соғысы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.
- Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.
- Тәрбиелік: Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; Отансүйгіштікке, батылдыққа шыншылдыққа баулу. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: Ұлы Отан Соғысы салынған сурет, ҰОС – на буклет, слайд, видео
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс іс – шара
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнерімен, Қазақстан тарихымен
Өткізілу барысы:
Кіріспе
2. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
3. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы, суреттер)
4. «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
5. Бейнефильм
6. Қорытынды
- Кіріспе
Балалар екі – екіден шығып билейді («Смуглянка» әні)
Радио: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Соғыс басталды.
Халық арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (деген дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Иә, «Соғыс» деген суық хабар.
- Бүгінгі «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты іс - шарамыз соғыс ардагерлерді, қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 70 жылдық тойына арналады.
- Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні? ( )
9 - шы Мамыр күні.
- Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Отан үшін от кешіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің.
Ұлы Жеңіске мың тағзым! ( )
Кластер сызу
- Балалар, ҰОС – на қандай жерлестеріміз қатысқан?
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
- Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік)
Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған. ( )
Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік. ( )
- Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы, суреттер)
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!» деген келесі бөліміміз бойынша оқушылардың шығармашылығына береміз!
- 3 «Б» оқушылары ҰОС - на арналған суреттерді салып, осы суретте бейнеленген оқиғалар туралы қысқаша баяндайды. ( )
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс. ( )
- «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
- мектеп кітапханашы дайындалған кітап көрмесі туралы қысқаша баяндайды.
- Бейнефильм
- оқушыларына ҰОС туралы бейнефильмді көрсетеді.
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді әлпештеп,
Кірпік ілмей тербетем! ( )
- Қорытынды
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!
УРАААААА
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! ( )
- Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» деген әнді орындайды
- Осымен сіздерге арнаған «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты іс - шарамыз аяқталды. Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
- Әрқашанда бейбітшілік болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Сау болыңыздар!
Екпінін жаудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асуға
Жайдың алдын тосамын.
Қыз демеңдер, ағалар,
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара - пар
Қиындыққа шыдайын.
Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеті жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Жеті жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері жетпіс рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар толықсып тұрса май гүлі,
Қуану керек, қуану керек десек те
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды.
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте.
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан