Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Дыбыстық бейне технологиясының оқу үрдісіндегі ролі

$
0
0

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі Шерібай Қ.Б.

КММ лицей №166

Алматы қ

 

Дыбыстық бейне технологиясының оқу үрдісіндегі ролі

« Дыбыстауыш аппарат – қазіргі тәрбие берудің ең басты құралы », – деп кеңес өкіметінің көрнекті педагогтары Р. Нейзгауз бен С. Рихтер жоғары бағалады. Дыбыстық бейне технологиясы білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Дыбыстық бейне  технологиясының ең тиімділігі оқушыларды айналадағы өмірді, құбылысты, затты байқай білуге, салыстыруа, қорытынды шығаруға дағдыландырады. Дыбыстық бейне технологиясы оқушыларды қиялдауға, зерттей, іздене білуге үйретеді. Сондықтан да дыбыстық аппараттарды пайдаланып өткізген сабақтың қай жағынан болса да артықшылығы, тиімділігі орасан. Өйткені дыбыстандыру процесі сабақты жандандырып, оқушылардың сабақ материалдарын қызыға меңгеріп, көркем әдебиеттерді қызыға оқуға, сөздің көркемдік ерекшелігін, әсерлілігін тани білуге, яғни бір сөзбен айтқанда, дыбыстық бейне технологиясы -  оқу процесінің эмоциональдық әсерлігін, тиімділігін арттырады. Дыбыстық аппараттарды, әсіресе, қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында пайдалану ерекше орын алады. Атап айтқанда, ақын-жазушылардың, көркем сөз шеберлерінің үндерін, сөэздерін сабақ материалдарына орай пайдалану, сондай-ақ диафильм және диапозитивтерді жандандыруға оның педагогикалық тиімділігі мен маңызын ерекше деп айтуға болады.

     Бейне және дыбыстық материалдарды тілді үйретуде қолдану әдістерінің шарттары:
• бейне және дыбыстық материалдар тіл үйренушінің жасына сәйкестігі;
• материалдар сабақтың керек сәтінде қолдану;
• бейне материалдар экрандық және техникалық құралдар арқылы берілгенде барлығына бірдей көрініп, дыбыстық материалдар анық естілуі керек;
• бейне және дыбыстық материалдар тақырыптың мазмұнымен сәйкес келуі тиіс;

       Бейнематериалдармен тілді игергенде алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Оқу үдерісінде пайдаланылатын бейнетаспа қызығушылық танытатындай, жалықтырмайтындай болу қажет. Аталған жұмыс түрі төзімділік пен уақытты қажет етеді. Ал берер нәтижесі: сөздік қорыңыз белсенді сөздер мен сөз тіркестерімен толығады; тыңдау және түсіну дағдысы қалыптасады; меңгерген бейне материалға сәйкес қазақ тілінде тілдесімге еркін түсе алады. Осындай әдісті дыбыстық материалдармен жұмыс жүргізгенде де қолдануға болады. Дыбыстық материалдарды сөйлесім әрекетінде тілдік қарым-қатынасты іске асырушы – тыңдалым әрекеті арқылы меңгерту тиімді. Тыңдалым әрекетінің негізі есту болып табылады. Мұндағы есту сезімдерінің басты қызметі-материалды есте сақтау. Тыңдалым үдерісін тілдік қарым-қатынастағы сөзді қарапайым есту құбылысымен алмастырмау керек. Мысалы, А.П. Панфилова “Слышать и слушать не совсем одно и тоже. Слышать обозначает физически воспринимать звук, а слушать – это не просто направлять слух на что-либо, а сосредотачиваться на воспринимаемом, понимать значение принимаемых звуков” Айтылып отырған сөзді түсініп қабылдау және ұғыну үрдісі. Тілді әр деңгейге сәйкес меңгерерде бейнематериалдардың тиімділігі арту үшін, сегіз ұстанымдық әдісті қадағалаған жөн:

1.Бейнематериалды субтитрсыз көріңіз. Түсінуге көңіл бөліңіз. Түсініксіз сөздерден қорықпай, тыңдаңыз.
2. Субтитрды өшіріп, сюжетін ғана қараңыз. Кешенде бейнематериал мен мәтін қоса берілсе, бейнематериалды көре отырып, ара-арасында өшіріп, мәтініннің дыбыстық ерекшеліктеріне мән бере оқыңыз.
3. Бейнематериалды көргенде түсінбеген сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз немесе астын сызып қойыңыз. Бұл сөздердің жазылуы мен естілуіндегі ерекшелікке мән беріңіз. (интонацияға, сөздердің қысқа естілуі т.б.)
4. Таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз. Әрбір сөз контексте қандай мағынада беріліп тұрғанын қараңыз. Жұрнақ, жалғау жалғануына, омонимдік мағынасына ерекше көңіл аударыңыз.
5. Сөздермен, сөз тіркестерімен таныс болғаннан соң бейнематериалды тағы көріңіз.Сюжеттегі кейіпкердің мимикасына, сөзді, сөйлемді айтуына мұхият болыңыз. Сөйлеу мәнеріне ден қойыңыз.
6. Назар аударыңыз, бейнематериалдағы сюжетті қазақ тілін жақсы білетін адамның деңгейінде түсіне алдыңыз ба? Күмәніңіз болса, бірнеше рет қайталап көріңіз, 100%-дейін, егерде керек болса 4,5 ұстаным бойынша жұмысты қайталаңыз.
7. Мәтінді дауыстап, бейнетаспамен бірге, қайталай оқыңыз (түпнұсқаға келтіріп).
8. Барлық көмекші құралдарды алдыңыздан алып тастап, сюжетте болған оқиғаны дауыстап өз сөзіңізбен айтыңыз. Жұмыс барысында қиындық туғызған төл дыбыстары кездесетін сөздер мен интонацияға ерекше көңіл аударыңыз.

Қазақ тілі сабақтарында дыбыстық аппараттарды фонетика, орфография, орфоэпия тарауларын оқытумен байланысты пайдалану аса тиімді. Мысалы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерін, дыбыс артикуляцияларын дұрыс ажырату, қатаң, ұяң, сонор дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс екпін тусіріп айта білу, сөйлем соңына қойылатын (сұраулық, лептік, бұйрықтық, хабарлы) тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөздгі буынға, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білуге дағыландырады. Маман диктаторларының, өнер қайраткерлерінің орындалуындағы текстерді, әңгімелерді, ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді аңғарту, әңгімелерді, ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді аңғарту, программалық материялдарды бірнеше рет тыңдату, кейбір грамматикалық ережелерді, өлең-тақпақтарды, мақал-мәтелдерді де тыңдатып жаттықтыру жұмыстарын кеңінен жүргізуге болады. Бейнематериалдармен тілді игергенде алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Оқу үдерісінде пайдаланылатын бейнетаспа қызығушылық танытатындай, жалықтырмайтындай болу қажет. Аталған жұмыс түрі төзімділік пен уақытты қажет етеді. Ал берер нәтижесі: сөздік қорыңыз белсенді сөздер мен сөз тіркестерімен толығады; тыңдау және түсіну дағдысы қалыптасады; меңгерген бейнематериалға сәйкес қазақ тілінде тілдесімге еркін түсе алады. Осындай әдісті дыбыстық материалдармен жұмыс жүргізгенде де қолдануға болады. Дыбыстық материалдарды сөйлесім әрекетінде тілдік қарым-қатынасты іске асырушы – тыңдалым әрекеті арқылы меңгерту тиімді.

       Мектепте дыбысық аппаратттарды пайдалана білуге аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әр мектепте қазір жеке пәндерге арналған дыбысхана кабинеттері бар. Бұл кабинеттерде қазақ тілі және әдебиет пәніне байланысты жазылып алынған жинақтарда бар. Онда әр сыныптың программалық материалдарына фотомантаж, тақырыптық кештердің, конференциялардың материалдары, жекеленген ақын-жазушылардың шығармалары, өмірбаяндары жөнінде, олардың сөйлеген сөздерінің граммажазбалары, әр түрлі методикалық әдебиеттер сақталуға тиіс. Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, 2009 ж.«Әдіскер мұғалім». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал.
  2. Беспалько В,П. Слагаемые педагогической технологии. М, Педагогика. 1989.-190 б.
  3. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.
  4. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. – Москва: Просвещение, 1985. – 208 с.
  5. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. – М: Педаг. Общество, 1998.
  6. А.П.Панфилова. “Деловая коммуникация в профессиональной деятельности ” – Санкт-Петербург, 2001-76с

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>