Сабақ: Құндылықтар |
Мектеп: № 278 орта мектеп |
|||
Күні: |
|
Мұғалім : Бектоғаева Салтанат |
||
Сынып: |
5 |
Қатысқаны: Қатыспағаны: |
||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: |
Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқиды және мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізе алады.Берілген мәтіндегі стильдік және пунктуациялық қателерге түзету жасайды |
|||
Сабақ мақсаты: |
Мәтіннің мазмұнын толық түсіндіре алады. Пунктуациялық қателеріне түзету жасайды. Проблемалық сұрақтарға жауап бере алады
|
|||
Тілдік мақсаттар: |
Шынайы дос, адал дос, амал дос |
|||
Алдыңғы мақсаттар: |
|
|||
ЖОСПАР |
||||
Жоспарланған уақыт |
Іс-шаралар |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
5 мин |
І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Топқа бөлу (мұғалім оқушылардың білім деңгейіне байланысты бөледі) 2. Ой шақыру. (достар туралы әуен) 1. Досың бар ма? Дос деген кім? 2. Жақсы дос, жаман дос қалай болады? 3. Достық жасқа байланысты ма? 4. Дос көп болу үшін не істеу керек? (Оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалаймын) |
«Балапан» бағдарламасы
5 сынып оқулығы |
||
Сабақтың ортасы
12 минут |
Тапсырма: № 1 «ДЖИГСО» әдісі 2 топқа достық төңірегінде жазылған екі мәтін беремін. / ЖЖ/ / Т/ 1топ. Қ.Жұмаділов. « Қозыкүрең» әңгімесінен үзінді 2топ. Ы.Алтынсарин. «Жаман жолдас» әңгімесі Мәтінді топ мүшелері оқиды, жұптарымен бір-біріне түсіндіреді, топта талқылап, сол мәтін бойынша сурет салып түсіндіреді «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топ бірін-бірі бағалайды |
Мәтіндер сайтынан |
||
3 мин |
Сергіту сәті «Я,ЖОҚ,БІЛМЕЙМІН»
|
|
||
8 мин |
Тапсырма:№2 Диктант.\Ж\ Тақырыбы: Өздігінен өзі Оқушыларға диктант мәтіні таратылады, мәтінде етістіктер жазылмаған және тыныс белгілері қойылмаған. Тапсырманы оқушылар орындап болғаннан соң, тақтадан толық, дұрыс нұсқасы көрсетіледі. (өзін-өзі бағалау) 5 балл - 1-3 тыныс белгісінен қате 3 балл - 4-6 тыныс белгісінен қате 1балл - 7-10 тыныс белгісінен қате |
Диктанттар жинағы |
||
7 мин
|
Тапсырма:№3 Проблемалық оқыту \Т\ (әр топқа екі сұрақ) 1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? 2. Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Сенің іс-әрекетің? 3. Досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып тастады. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істер едің? 4. Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің? \Үш шапалақ\
|
Білімділер порталы |
||
Соңы 4 мин |
Тапсырма: №4 «Венн диаграммасы» Адал дос ортақ Амал дос |
|
||
Қосымша ақпарат |
Жұптық,топтық жұмыста бір-біріне қолдау, мұғалім нұсқау береді, әр топқа жәрдем береді. |
Жетістік критерийлері 1.Мәтіннің мазмұнын толық жеткізеді 2.Мұғалім жұптық,топтық жұмыс кезінде өз ойларын бөлісе алуын, талқылауларын, қабілеттерін бағалайды 3.Пунктуациялық қателеріне түзету жасайды. 4.Проблемалық сұрақтарға жауап бере алады |
||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, бейнелеу өнері |
|
||
Рефлексия
3 мин |
« Досыңа хат» әдісі |
|
||
Үй тапсырмасы |
«Дос-қымбат қазына» тақырыбында эссе |
|
||
Бағалау |
|
|
||