Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

"Ғажайып алаң"

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып алаң»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, тыйым сөздерімен танысады;өз елін, жерін сүйе білуге, халық мұрасын қастерлеуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиеленеді; шығармашылық ізденістерін арттырады.

Сабақтың  түрі: Ойын сабақ

Сабақтың пәнаралық байланысы: музыка

Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме, балалар!  Бүгін сіздер «Ғажайып алаңға» келіп отырсыздар.Бұл алаңда біз қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тоқталамыз.

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен , ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдеп-ғұрпы мен дәстүрін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұр айтады надан деп.

 Ойынның тартысты және қызықты өтуі сіздерге байланысты . Олай болса мен сіздерді ойынның шартымен таныстырайын.

 ІІ. Ойынның шарты

  1. Әр сыныптан 3 оқушы қатысады. Топтың аты мен эмблемасы болуы тиіс.
  2. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде де салт-дәстүрлерден сұрақтар қойылады. Бұл кезеңдерде жеңіп шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер ойынға» қатысады. «Супер  ойынды» ойнау - ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса,  барабан бетіне супер ойын сыйлықтары ілінеді.                                                         
  3. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер  ойынның» жеңімпазы арнайы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.
  4. Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.

Шартты белгілер:

Барабан бетіндегі Б (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей   күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі.

Барабан бетіндегі телефон белгісі сіздіңбіреуге көмекке жүгінуіңізге болатынын ескертеді. Егер бұл талапты орындай алмасаңыз, кезегіңізді келесі ойыншыға беруіңізге тура келеді. Ал егер талапты орындасаңыз, ойынды жалғастырасыз.                                                                                                                  

 Барабан бетіндегі сыйлық белгісі сізге сыйлық алу мүмкіндігін береді. Ол үшін сіз таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз, не ойнайсыз. Сыйлықты алсаңыз ойыннан шығасыз.                                                                                       

Тақтаға  жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айландыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде  ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы теңгені алады. Тақтада айландырма барабан ілініп тұрады. Бұл барабанның бетінде сандар белгіленген. Сандарды жинау арқылы ұпайын толықтырады. Егер оқушы финал ойынына шықса, осы жинаған ұпайларына сыйлық сатып ала – алады. Ол үшін  тақтада бағалары белгіленген сыйлықтар тізімі ілінеді, осы сыйлықтардың бағасына қарап жинаған ұпайына шақ сыйлық сатып алады. 

      ІІІ. Ойынның жүру барысы                                                                                                                               

І кезең  САУМАЛЫҚ

Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады.  Бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме көрдің бе?

Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

 

ІІ кезең  АУШАДИЯР

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген жазушы Уахап Қыдырханов екен. Бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген.

1-көмек

Бұл жыр жаңа қосылған жастарға арналады. Мұнда ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы айтылады.

Бір болар,

Жаманның көңілі кір болар.

Ата-анасын сыйлаған

Ақ шалмалы би болар.

ІІІ тур ТҮЙЕМҰРЫНДЫҚ

Ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары кереуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп, жол болсын айтады.

Финал ойыны ДЕҢГЕНЕ

Соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан дәстүрлердің бірі. Екі-үш жігіт басын қосып ауқатты үйге келеді. Оның шарты мынадай: үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі жігіттердің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар қойды жеп кетсе, қойдың құны сұраусыз, егер етті тауыса алмаса, олар үй иесіне екі қой төлеуге тиіс. Кей жерлерде бұны «сірне» деп те атайды. Тағы бір қызығы ел арасында бір қойды бір өзі жеп кететін мешкейлер көп болған. 

Супер ойын

Жеңімпаз «Супер – ойынды» таңдаған болса, бір минут уақыт беріледі. Тақтадағы жасырын сөздің сұрағымен таныстырамын. Сіздің жасырын сөзден үш әріп айту мүмкіндігіңіз бар (ойыншы үш әріп айтады, егер айтқан әріптері сәйкес келсе әріптерді ашасыз).

Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұнда арнаулы мал сойылып, сыйлы мүшелер асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең ,жыр айтылады. Бұл- сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

Ойлану уақытыңыз басталды.

Қорытынды: Осымен балалар ойынымыз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Келесі ойынды бұдан да қызықты ғып өткізейік. Сау болыңыздар!


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>