Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Екі дос.2с.

$
0
0

Қазақ тілі

6-сынып

 

Сабақтың тақырыбы:Екі дос.2с.

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                   Білімділік:. Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыпта өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу. Оқушыларға әңгімені қазақ тілінде сипаттауға үйрету. Өздерінің мектептерін сипаттай білу.                                                                                                  

Дамытушылық: Жаңа тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім  дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру,  танымдық  көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз достарың сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, сурет, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

                                  Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,                                  

                                                 білу.

  1. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

                                

  1. Өткен сабақты қайталау:
  2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
  3. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 
  4. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
  5. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
  6. Ережелерді сұрау. Сөздіктерге мысал келтіру.
  7. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.

 

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:  

  • Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Екі дос».

               Жаңа сабақты түсіндіру әдісін қолдана отырып түсіндіремін, аудармасын айтамын,                   

              оқушыларға қайталатамын, мысал келтіртемін.   

              Сөздікпен жұмыс. Осы сөздер арқылы диалог құрастырту      

 

 Түйдей құрдас-ровесники

Жұбын жазбау-не расставаться

Қабақ шытыспау-не обижаться

Қадір тұту-ценить

Мойындау- сознаться          

 

3-тапсырма. Мәтінде 1-тапсырмада қарамен жазылған сөздердің  синонимдерін тауып жазғызу.

 

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап бергізу

1.Сенің досың бар ма?

2.Оның аты кім?

3.Досың неше жаста?

4.Нешінші сыныпта оқиды?

5.Ол қалай оқиды?

6.Оның мінезі қандай?

7.Ол немен шұғылданады?

8.Ол қандай дос

                                                                   

  1. Жаңа сабақты бекіту:

                         3-тапсырма. (қосымша) Төрт жалғауды еске түсіріп, әр түріне бір бір мысал                                     

                   келтірту

          - Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар. Енді жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаймыз.

 

  1. Сабақты қорыту:

Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.

 

  1. Үй тапсырмасын беру:

16-бет, 1-тапсырма.Мазмұндау

                                                                                                                                 

 VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту,  мүмкіндігін айту.

 

 

 

 

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>