Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.2c
Сабақтың мақсаты: Білімділік:. Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыпта өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу. Оқушыларға әңгімені қазақ тілінде сипаттауға үйрету. Өздерінің мектептерін сипаттай білу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз достарың сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, сурет, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,
білу.
- Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
- Өткен сабақты қайталау:
- Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
- Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
- Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.
- Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
- Ережелерді сұрау. Сөздіктерге мысал келтіру.
- Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
- Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Менің достарым».
Жаңа сабақты түсіндіру әдісін қолдана отырып түсіндіремін, аудармасын айтамын,
оқушыларға қайталатамын, мысал келтіртемін.
3-тапсырма. Берілген көп мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін құрату.
4-тапсырма. Сызба бойынша өз досың туралы әңгімеле
- Жаңа сабақты бекіту:
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар. Енді жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, өз мектебің туралы әңгімелеңдер, дәптерлеріне жазып алыңдар.
Бағасы аз оқушылар тақтамен жұмыс жасайды. 2-тапсырма. Сызбалар бойынша сөйлем құраңдар.
- Сабақты қорыту:
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.
- Үй тапсырмасын беру:
14-бет, 1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау
VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.