Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: Басқа ұлт балаларына қазақ тілінен білім беру.
1)Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау. Өткен сабақтарында алған білімдерін тексеру. Сөздік қорларын молайту.
2)Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
3)Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын құрметтей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, карточкалар, тірек схемалар.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу.
- ҚР-ның әнұраны.
- Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу
себебебін сұрау, білу.
- Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
- Тіл дамыту сәтін өткізу.
- Өткен сабақты пысықтау: 1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
- Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты
меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
- Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін,
сөздік қорын байқау.
- Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
- 11-12-бет, 5-тапсырма. Сызба арқылы өз
отбасың туралы әңгімелесіңдер. Дәптерлеріне
жазып келіңдер. №2 дәптерлерін тарату, №1
дәптерлерін жинап алу.
- Әңгімеден 3-сөзді фонетикалық талдау жасау.
- Суретпен жұмыс.
- Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа сабақты қалыптастыру: -Балалар, біз сендермен бүгін өткен сабақтарымызға жаттығу жұмыстарын жасаймыз. Өткен сабақтарды қалай түсінгендерінді көрсетесіңдер. Түсінбеген жерлеріңді сұрап, бір-бірімізге түсіндіреміз.
- Фонетиканы, үндестік заңын еске түсіру, қайталау.
- Өткен тақырыпта өткен сөздіктерге мысал келтіру, жатқа айту.
- Сұрақтарға жауап беру.
- Бағасы аз оқушыларға карточка тарату.
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа
дәптерлеріне жазыңдар.
- Жаңа сабақты бекіту:Тақтамен жұмыс жүргізу. 3-сөзді жіктеу, септеу, тәуелдеу. Сын есімге, зат есімге, көптік жалғауға мысал келтіру.
- Сабақты қорыту: Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу,сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату, сұрақтар қою. Түсінбеген жерлерін түсіндіру.
- Үй тапсырмасын беру: Сөздікті, ережелерді қайталау.
VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.