Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Сабақтың мақсаты:
а) С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
С.Сейфуллин Ақмола облысы,Нілді болысында туған. Ауыл молдасынан арбша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдідегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен 1908-1913 жылдары Ақмолада Прихордская школады, қалалық училищеде білім алады.
Кітаппен жұмыс: Сәкенің өлеңдерін мәнерлеп оқиды
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Сәкен неге жазықсыз жалаға ұшырады?
- Үш бәйтерекке тағы кімдерді жатқызамыз?
- Қандай газетте еңбек етті?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің өмірбаянын оқып келу.