Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5
- Күні, айы, жылы:
- Тоқсан: ІІІ
- Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.
- Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Қажымұқан туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.
Қажымұқан ҚҚажымұқан |
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жазушының өмірі туралы мәлімет.
- Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туған.
- Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.
- Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.
- «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.
- «Мың бір түнді» ең алғаш аударған.
- «Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.
Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша топтарға бөлу және оқу.
І топ
- Қар күреген бала,
- Жаяу сүйреген шана.
ІІ топ
- Ұлы Петрдің қаласы.
ІІІ топ
- Парижде.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап.
- Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті.
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шан шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
- Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті?
- Қазақтың ата – анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Мұқанның мінез – құлқын, сыртқы түрін шығармадан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазба түрде мінездеме беріңдер.
- « Шана сүйреген Мұқан» деген көріністі жазып, әңгімелеп беріңдер.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
« Шана сүйреген Мұқан» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5
- Күні, айы, жылы:
- Тоқсан: ІІІ
- Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов «Дауыл»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(М.Мұқағали)
- Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу.
Қасым Аманжолов (1911-1955) |
Өмір жолы Шығармашылығы
Қарқаралыдағы Балалар Өлеңдері: Поэмалары:
қызыл деген жер. үйінде «Сарыарқа», «Ақын өліміт уралы аңыз»
тәрбиеленген «Ертіс» «Бикеш»
«Жайық» «Қытай қызы»
Соғысқа қатысқан «Орал» «Құпия қыз»
«Мен Табиғат бөбегі». «Естай – Қорлығайын».
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
- ұжымдық жұмыс
- Лирика түрі –
- Тақырыбы –
- Идеясы –
- Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
VІ. Түсінік тексеру:
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
- Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
ІІ деңгей
- Өлең құрылысына талдау.
ІІІ деңгей
- Ақынның поэтикалық тіліне талдау.
ІV деңгей
- «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы»... атты эссе жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Инсерт әдісі |
|
|
Білемін |
Мен үшін жаңалық |
Білгім келеді |
|
|
|
|
|
|
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
- Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
- ойтолғау жазу.