Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5
- Күні, айы, жылы:
- Тоқсан: ІІІ
- Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Қазақ солдаты» романынан үзіндінің тақырыбы мен идеясын ашу.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Электронды оқулықпен жұмыс.
- Электронды оқулықтан Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы мағламаттар алу.
- Оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі жайлы жоспар бойынша әңгімелеу.
- 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған.
- Ғабит ауыл ақсақалдарына «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын оқып беріп, жаттап алған.
- Әңгіме жазудың шебері.
- Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .
- Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
- Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?
- Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр?
- Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?
- Жайық өзені, Каспи теңізі көріністері мен Қайроштың көніл күйінде қандай ұқсастық бар?
- Шеген мен Бораштың сыртқы кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар. Шегеннің портретін ашу үшін жазушы қандай теңеулерді қолданған?
- Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасалы, қандай шарт қойды? Балалар күнкөріс жолында не істеді?
- Қайрош балалар үйіне қалай әікелінді?
- Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?
- Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол нені арман етеді? Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?
- Шығарманы ең басты – басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қойыңдар.
- Шығармада жазушы қолданған мақал – мәтелдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы нақыл сөздердің оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.
- Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас аударыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Инсерт әдісі |
|
|
Білемін |
Мен үшін жаңалық |
Білгім келеді |
|
|
|
|
|
|
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
- Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.
- ойтолғау жазу.