Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Күй»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, поэманың негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: : І. Жансүгіров портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
- 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында туған.
- 4 жасында анасынан айырылып, әке тәрбиесінде өскен.
- 1911 жылы ауылдағы қазақ – татар тіліндегі бастауыш мектепті бітіреді.
- Ташкетте қазақ – қырғыз институтында, 1925 жылы Мәскеуге оқуға кетеді.
- 1928 жылы коммунистік журналистика институтын бітіреді.
- Балаларға арнап әдемі өлеңдер жазған.
- Шығарманы жоспарлау.
І кіріспе:
а) Қобызшы туралы.
ІІ негізгі бөлім:
а) «Бозінген күйі» туралы.
ІІІ қорытынды:
а) Күйдің адам өміріндегі маңызы
VІ. Түсінік тексеру:
1.«Талдау» стратегиясы. «Күй» поэмасын үлгіге қарап, оқушылар өздері талдайды
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау
- Шығарманың тақырыбы-
- Оқиғаның басталуы –
- Оқиғаның шиеленісуі –
- Оқиғаның шарықтау шегі –
- Оқиғаның аяқталуы –
- Шығарманың идеясы –
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Шығарманың негізгі бөлімін жоспармен салыстырғанда:
- Молықбайдың ерекше шебер тартатын күйі.
- Қобыз үнімен күтімдегі інгеннің маңғаз, сұлу мүсінін бейнелеу.
- Сатылған інгеннің зарын тарту.
- Ақын қолданған теңеу мен эпитетті табу.
Сұрақ жауап:
- « Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?
- «Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?
- Поэма өздеріңе қалай әсер етті?
- Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?
VІІІ. Сабақты қорыту:
- Бағалау:
- Үй тапсырмасын беру.
- І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
- «Күй» поэмасы туралы ойтолғау жазу