Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Пікірталас түрлері
Сабақтың мақсаты: білімділік - пікірталастың түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды ойын жүйелі, еркін жеткізуге, көпшілік алдында қысылмай сөйлей білуге дағдыландыру;
тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:.
Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды» , жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды,не қарсы көзқарас пайда болады.
Пікіралмасу ойталқы пікірсайыс
Ойбөліс айтыс
Жаттығумен жұмыс: 23-жаттығу Тапсырмаларды орындаңдар.
Шығармашылық тапсырма
«Шын достық көрінісі» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Топпен жұмыс: «Алғашқы өркениет қайдан бастау алады?» немесе «Соңғы сәнмен киіну: батылдық па, талғам ба, еліктеу ме?» осы екі тақырыптың біріне пікірталас өткізеді.
Білімді бекіту: . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Пікірталас дегеніміз не?
- Пікірталастың қандай түрлері бар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 24-жаттығу.