Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.
Мысалы: Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді.Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті,сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
түрі |
мысал |
Ыңғайластық |
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.Далада жел соғып тұр,әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.Ол бөлмесіне кірді де,тарс бүркеніп жатып қалды. |
Қарсылықты |
Оның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.менің театрға барғым келмеді,әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.Есікті жауып қойған,сонда ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ. |
Себеп-салдар |
Биыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.Қорадан мал ұрланыпты,сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты. |
Кезектес |
Олар біресе тоқтап демалады,біресе күн ұзақ жүріп алады.Балалар бірде футбол ойнайды,бірде өзенге барып шомылады. |
Талғаулы |
Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.Я болар жеріңді айт,я бізге килікпей тыныш жүр.Тезірек шөп ору керек,әйтпесе уақыт өтіп кетеді. |
Түсіндірмелі |
Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты. |
Жаттығумен жұмыс: 98-жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.