Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Сөздердің грамматикалық байланысы

$
0
0

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы:    Сөздердің грамматикалық байланысы

Сабақтың мақсаты:

                                      білімділік – оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

                                    дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

                                 тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі  кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы. 

                                           а)   Ұйымдастыру кезеңі:

                          Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару

                                           ә)   Үй тапсырмасын пысықтау :    

                    Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.

                                          

                                             б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

               Сөздер ойды білдіру үшін  бір-бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады. Мысылы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін  деген сөйлемдегі мен жазбаймын, ермек үшін жазбаймын болып сөздер бір-бірімен байланысқа түскен.

  Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ,сөйлем түсініксіз болып қалар еді. Мен жазбаймын өлең ермек. Осыдан көрінетіндей,біріншіден мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес,үйлес сөздер ғана байланыса алады.  Екіншіден, сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысыды.

  Жаттығумен жұмыс:     233-жаттығу.    Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді  бір-бірімен  грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.              

Тақтамен жұмыс :  Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?
  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

 

Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 234-жаттығу.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>