Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту , жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерді ажырата алу дағдыларын арттыру, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
- Сөзжасам туралы түсінік
2.360,361 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
Өз ойларыңнан «Тамаша, көктем» тақырыбында мәтін құраңдар. Ирек сызық түбір сөз, түру сызық – туынды сөз.
ІVжаңа сабаққа дайындық
- Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
- Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей – ақ, жаңа мағыналарға ие болуы. Мысалы, Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін бастапқы мағына); 3)ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1)ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда, көз тимесін деп маңдай шашын не төбе шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы мағына); 3) баспасөзде , телерадиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).
Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.
VІ Түсінік тексеру
Сұрақ жауап
- Сөзжасам деген не?
- Түбір сөз деген не?
- Туынды сөз деген не?
VІ І. Сабақты бекіту
362 – жаттығу
- Мына сөздердің қанша мағынада жұмсалатынын табыңдар.
363– жаттығу
- Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгерістерболатынын түсіндіріңдер.
364 – жаттығу
- Берілген сөздердің әрқайсысы бірнеше мағына беретіндей етіп сөйлем құраңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
- Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.365,366 - жаттығу