6-сабақ
Ұялы телефон арқылы Интернетке шығу
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бекіту.
- 1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
- 2-тапсырма. Сөйлемдерден интернационалдық терминдерді теріп жазу. Орыс тіліне ауызша аудару.
- 3-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Берілген мәтіндегі деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.
Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Мұғалім оған өзін өзі тексеруі үшін дайын жауап үлгісін (дұрыс шешімді) береді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін езі солай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы (мысалы, II деңгейдің бірінші тапсырмасын орындап болған соң, ол III немесе I деңгейдің екінші тапсырмасын орындауға кірісе алады).
Мұғалім сабаққа тек 6 тапсырма дайындайды (бірінші және екінші нұсқаларға арнап үш күрделі тапсырмадан жеке-жеке парақтарда). Оларға жеке парақтарда жауап үлгілері (дұрыс шешім үлгілері) дайындалады. Содан кейін осы материал сынып оқушыларының санына қарай көбейтіледі.
- Сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Ұялы телефон арқылы Интернет жүйесіне қосылғандағы әр кезеңді сипаттап беру.