3-сабақ
Электронды пошта
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бекіту.
- 1-тапсырма. «Электронды пошта» мәтінінен Интернеттегі электронды пошта туралы мәліметтер бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау.
Берілген мәтіндегі деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.
Құрал-жабдығы:
- Бағалау парағы.
- Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ.
- Жауап үлгілері.
Жетондар.
Ойынның жүру барысы
Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
- III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
- II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
- I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған оқушылар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
- 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу. Электронды поштаның қолданысына назар аудару.
- 4-тапсырма. Берілген тірек сызба негізінде электронды поштада хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу мүмкіндіктерін айтып беру.
- 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
- Сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Электронды хабарламада достарына түрлі смайликтермен сәнді хат әзірлеу.