Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 7 сынып. Менің жазғы демалысым

$
0
0

VII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Менің жазғы демалысым

Грамматикалық тақырыбы: Туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің еткен шағы. Туын­ды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Грамматикалық

тақырып

Лексикалық тақырып Бекіту. «Менің жазғы демалысым»

45

минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Жазғы демалысқа арналған

бағдарламалар» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығу орындау

45 минут

3-сабақ

«Табиғат аясында демалу» мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс

Жаттығу жұмыстары

45 минут

4-сабақ

«Жазғы демалысты жоспарлау» мәтінімен жұмыс

Жаттығуларды орындау

45 минут

5-сабақ

«Жазғы демалысты кімдермен өткіздім?» мәтіні

Жаттығу жұмыстары

45 минут

6-сабақ

«Жаз мезгілі демалысқа қолайлы кез» мәтіні

Сұрақтарға жауап беру Фонетикалық талдау Суретпен жұмыс

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

 

Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Менің жазғы демалысым

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Етістіктің өткен шағы

1. Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім деп атаймыз. Мысалы: кеш-кі, жаз-ғы, өнерлі, т.б. Туынды сын есімдер жоғарыдағы кестеде берілген жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады. Мысалы: жазғы, өнерлі сияқты сын есімдердің түбірі зат есім болса, ауыспалы, білгіш деген сын есімдердің түбірі етістіктер.

2. Күшейткіш үстеу сынның не қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Мысалы: ең жақсы, әбден шаршаған, т.б.

Сұрақтары: қалай? қандай?

3. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Мысалы: кітабым, сыныбың, т.б.

4. Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар: жедел еткен шақ, бұрынғы еткен шақ, ауыспалы еткен шақ. Жедел өткен шақ қимылдың таяу уақытта болғандығын білдіріп, етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -тi жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: келдік, сөйлестік, т.б. Бұрынғы еткен шақ біраз уақыт бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: барғанбыз, айтыпты, т.б. Ауыспалы еткен шақ

сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Мысалы: баратын едік, еске алатын еді, т.б.

5. Туынды сөздер сөздің ең бастапқы бөлшегіне жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі түбірдің құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне қарай орналасады. Мысалы: орман-ды, біл-ім, айт-ыс, т.б.

  1. Бекіту.
  2. Сөздік жұмысы.

Сөздік

нағыз - настоящий

ерекше - особенный

түрліше - разнообразный

сағыну - скучать

тынығу - успокоиться

  1. 1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
  2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
  3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
  4. Сөйлемдер құрау.
  5. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұның айту.

4.2-тапсырма. Берілген ережелер бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Туынды сын есімдер қандай сөз таптарынан жасалады?
  2. Үстеудің неше мағыналық түрі бар? Күшейткіш үстеу дегеніміз не?
  3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Тәуелдік жалғаудың басқа жалғау түрлерінен айырмашылығын табыңдар.
  4. Өткен шақ қай кезде болған қимылды білдіреді? Неше түрі бар?
  5. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі неге байланысты?
  6. 3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерге тиісті туынды сын есімдерді қойып толықтыру.
  7. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сөздерді тәуелдеу.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>