5-сабақ
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
- Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
- Бекіту.
- 1-тапсырма. Жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып берілген сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрау.
- 2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқу. Ы. Алтынсариннің берілген өлеңін негізге ала отырып, аналарының өз өмірлеріндегі орнын сипаттап айтып беру.
- 3-тапсырманы «Әңгіме құрастыру» оқыта үйрету ойыны бойынша орындау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның айту.
«Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны
Бұл ойын сөйлесу бөлімінің бірінші сабағында оқушылардың материалмен өз бетінше жұмыс жүргізуіне көмектеседі.
Сыныпта қаншалықты сұрақтарды қарастыру қажет болса, соншалықты оқушылардан тұратын топтар болу керек. Мысалы, 5 сұрақ болса, онда топта 5 оқушыдан болуы тиіс, егер 4 сұрақ болса, онда 4 оқушы болуы керек, т.с.с.
Әр оқушыға реттік нөмір беріледі, яғни әр топта бірінші, екінші, үшінші және т.б. нөмірлер болады. Мұғалім тақтаға сәйкес материалдың оқулықта орналасуын көрсете отырып, нөмірлерге арнап сұрақтар жазады. Материалды өз бетінше игеруге 20 минут бөледі. Кейінірек әңгімелеу көзінде қолданылатын тезистерді оқушылар сұраққа жауап беру көзінде қолдануына болады. Келесі турда оқушылар өз тобында кезекпен өз сұрақтарына жауап береді.
Екінші турдың уақытын қалай реттеуге болады? Егер топта 5 адамнан болса (яғни әрқайсысының сөйлесуіне 5 минут бөлінеді), сабақтың қалған 25 минуты 5 бөлікке бөлінеді; егер топта 4 адам болса, онда сөйлеуге 6 минуттан беріледі және т.с.с.
Өз әңгімесінің мазмұның түсіндірген соң, оқушы өз тобында бағаланады (яғни бағаны топтың барлық мүшелері қояды).
- 4-тапсырма. Берілген үлгіге қарап, өз аналарына тілек жазу. Лепті сөйлемдердің жасалуына назар аудару
- Сабақты қорытындылау.
- Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Суреттегі берілген гүл шоқтарының қайсысын анаңа сыйлар едің?