Қызылорда қаласындағы №197 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім
Жүнісбаева Жадыра
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буын туралы мәлімет беру, өткен сабақтарда алған теориялық білімдермен ұштастыру;Білімді алуда үнемі қайталап, сабақтан кейін алған білімдерін бекіту;Буынды дұрыс қолдана отырып, сауатты сөйлеп, жаза білуге төселдіру; Терең де тиянақты, саналы түрде білім негіздерін үйрету, меңгерген білімдерін ұмытып қалуға жол бермеу.
Тәрбиелік:Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу;
Өз күшіне сенуге ықпал жасау; Мейірімділікке, имандылыққа жетелеу; Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру;Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып, байланыстыра білуге, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету;
Ойды көркемдеп, әсерлі жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы арнайы дайындалған слайдпен жұмыс жасау, оқулық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,семантикалық кесте, топтастыру, математикалық әдіс, Б.Б.Ү.
Пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, математика,жаратылыстану.сурет
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- “Ер дәулеті - еңбек” - өткенді қайталау
- “Білгенге маржан” – жаңа сабақты меңгерту
- “Бәрін білгім келеді” – бекіту
- “Бейнет түбі - зейнет” – бағалау
- Үй тапсырмасын беру
- Қорытынды
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кабинет жағдайы (кабинет ауасының тазалығы, бордың болуы);
Оқушыларды түгендеу, журналға белгі соғу;
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
“Ер дәулеті - еңбек” -өткенді қайталау
Жұмбақтар
Фонетикалық екі ұғым,
Бірімен бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді.
(әріп,дыбыс)
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң.
Он шақтысы еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
(дыбыс,дауысты,дауыссыз дыбыстар)
«Орамал тастамақ» ойыны.
Сұрақтарға жылдам жауап беріледі.
1.Фонетика нені зерттейді?
Тіл дыбыстарын зерттейді.
2.Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде 42 әріп бар.
3.Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата.
1.Қатаң
2.Ұяң
3.Үнді
Ой қозғау
(ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау)
,,,,,,, ,
, , , ,,
Буын
Жаңа сабақты меңгерту.
Буын-сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буынның негізгі белгілері:
1.Жеке тұрып, дауысты дыбыс өзі бір буын құрайды.
Мысалы: а-па, ө-рік.
- Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды.
- Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4.”Екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының соңында ғана келеді”. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді.
Мысалы:ант,жұрт т.б.
Сөз ішіндегі келген үнді дауыссыз дыбыстар:
у, й, ң – буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады: Мысалы: қа-уын,қа-йық, қо-ңыр т.б
Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.
Мысалы: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа т.б.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1.Бір дыбысты буын: а-ла;ә-ке, о-рақ, ұ-ран;
2.Екі дыбысты буын: ба-ла;
3.Үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
4.Төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт.
Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әу-ли-е) келе береді.
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:
- Ашық буын
- Тұйық буын
- Бітеу буын
«Бәрін білгім келеді»
296-жаттығу
І-топ
Өлеңді оқын,мазмұнын айтады.
Өлеңнің тақырыбын табады
Тақырыбы:Батырлық,ерлік.
ІІ-топ
Көнерген сөздерді табады.
Сөздікпен жұмыс
САДАҚ – Ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) салып, тартып ататын өте көне заманнан келе жатқан қару.
БАЛДАҚ – Қылыштың, пышақтың сабын бекітіп тұратын сақина.
БІЛТЕЛІ – Шақпақпен, оқпен тұтатып ататын ауыр қара мылтық.
ҚОРАМСАҚ – Садақ оғын салып, белге байлап немесе иыққа асып
алатын оқ сауыты, оқшантай.
ҚОЗЫ ЖАУЫРЫН – Үлкендігі қозының жауырынындай садақ оғы.
ІІІ-топ
Өлеңнің тармағын,буынын, ұйқасын табады.
Өлеңде 12 тармақ бар.
Бер-кі-ніп са-дақ а-сын-бай.... ( 8буын)
Шұбыртпалы ұйқас
297-жаттығу
1.Мәтінді буынға бөліп оқиды,түсінгендерін айтады.
Алғашқы сөйлемді буынға бөліп жазады.
Б.б. б.б. т.б. а.б. а.б. б.б. б.б. а.б а.б б.б..б.б. а.б.б.б .а.б. б.б. б.б.а.б.а.б.а.б Құс-тың от- қа- шы-ғар мез-гі- лі таң-ның сі-бір-ле-уі-нен бас-та-ла-ды.
2.Аңшылық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Қыран құс қисық ұшып,түзу ілер
***.
Аң таппаған атына көреді,
Ата алмаған мылтығынан көреді.
***
Құстың бәрі сұңқар болмас,
Аттың бәрі тұлпар болмас.
3.Біздің жерімізде қандай құстар мекендейді?
Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар – су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар. Олардың кейбір түрлері өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректене береді.
298-жаттығу
Мәтінді оқиды.
Бүгін күн ерекше шайдай ашық.
Тақтамен жұмыс
Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
І-топ
Бер: Аспан □
∆
Тілдің қатысына қарай:
Жуан 2□ (2а)
Жіңішке
Жақтың қатысына қарай:
ашық 2□ (2а)
қысаң
еріндік
езулік 2 □ (2а)
3 ∆ қатаң 2 ∆ (с,п) ұяң
Үнді 1 ∆(н)
2Т.б. 3б.б.
Ас - пан
ІІ-топ
Бер: Күн □
∆
1 Жуан
Жіңішке 1(ү)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң 1□(ү)
еріндік 1□(ү)
езулік
3 ∆ қатаң 1 ∆ (к) ұяң
Үнді 1 ∆(н)
3б.б.
Күн
ІІІ-топ
Бер: Бүгін □
∆
Тілдің қатысына қарай:
2 Жуан
Жіңішке2 □ (ү,і)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң 2□ (ү,і)
еріндік 1 □ (ү)
езулік 2 □ (і)
3 ∆ қатаң ұяң 1∆ (б,г)
Үнді 1 ∆(н)
2а.б. 3б.б.
Бү - гін
299- жаттығу
Суреттер топтамасындағы суретке қарап, 4-табиғат көрінісін суреттеу.
300- жаттығу
Көр-тыш-қан
Көртышқан топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады.
І-топ
Бірінші азат жолдағы бір буынды сөздарді тауып жазу.
Мен,те,бар,ол,жер,біз. (6)
ІІ-топ
Екінші азат жолдағы екі буынды сөздарді тауып жазу.
Қас-қыр,тәу-лік,жей-ді. (3)
ІІІ-топ
Үшінші азат жолдағы үш буынды сөздерді тауып жазу.
Қо-ре-гі,қо-ңыз-дар,ұ-йық-тап,ұя-ла-рын,о-лар-дың,ой-лан-бай. (6)
Сабақты қорыту.
Оқушылар кесте толтырады.
мысалдар |
Ашық буын |
Тұйық буын |
Бітеу буын |
ант |
|
+ |
|
табу |
+ |
|
|
фонетика |
+ |
|
|
сөздер |
|
|
+ |
математика |
+ |
|
|
“Бейнет түбі - зейнет” – бағалау
Үйге тапсырма
301-жаттығу
Мәтінді мазмұндау.Мәтінге ат қою
Бір буынды,екі буынды,үш буынды сөздерді теріп жазып келу.Буынды түрлеріне ажыратып жазу.