Күні: |
||
Сабақтың тақырыбы: |
"Бала Мәншүк" |
|
Мақсаты: |
Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныса отырып, батыр қыздың ерен еңбегі туралы мағлұмат беру |
|
Күтілетін нәтиже: |
Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, батыр қыздың ерен еңбегі туралы мағлұмат алады |
|
Ресурстар: |
Ұзақ мерзімді жоспар, Ана тілі оқулығы, курс ресурстары |
|
Сабақтың жүру барысы: |
||
Жүру кезеңдері: |
Мұғалім әрекеті: |
Оқушы әрекеті: |
1.Білу |
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау "Өрмекші" әдісі
|
Оқушылар шеңбер құрып тұра қалады Оқушылар бір-біріне оралған жіп лақтыру арқылы сұрақ қояды. |
2. Түсіну |
-Балалар, Ұлы Отан Соғысы аяқталғанына биыл неше жыл болды? -Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер? -"Қазақтың қос шынары" деп кімдерді атаймыз? -Алыңғы сабақта кім туралы таныстық? -Бүгінгі тақырыбымыз кім туралы болмақ деп ойлайсыңдар? -Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Бала Мәншүк" -Мәншүк туралы не білеміз? Әр топқа инсерт кестесі таратылады. -Енді Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
-Алдымен, балалар, Мәншүк туралы білмес бұрын, Мәншүктің анасы Әминаның айтқан естеліктерін бізге жеткізуші М.Хәкімжановамен танысамыз. -Үш топқа карточка тарату 1-топ: М.Хәкімжанова кім? 2-топ: Өмірбаяны 3-топ: Шығармалары -Мәншүк Мәметова туралы мағлұмат беру. |
Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді.
-Әлия туралы
-Мәншүк Мәметова
-Оқушылар өздерінің Мәншүк туралы не білетіндігі туралы білемін бөлігіне жазады. -Мәншүк туралы не білгілері келетіндігі туралы "Білгім келеді" бөлігін толтырады. "Білгім келеді" бөлімі бойынша негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялайды. -Алдарына таратылып берілген карточкалары арқылы топтастырады. |
3.Қолдану |
Оқулықпен жұмыс. -Балалар, мен сендерге Мәншүк туралы жалпы мағлұмат бердім, енді сендер маған айтыңдаршы "Бала Мәншүк" қандай болған екен? 1-топ: Ауылдан келген қазақ қызы 2-топ: Мәнсияның қызық мінездері 3-топ: Мәнсияның жанама аты Топтық жұмыс: 1-топ: Әлия мен Мәншүк туралы венн диаграммасы 2-топ: Мәншүк туралы бес жолды өлең құрастыру 3-топ: Мәтінге сүйеніп, Мәнсияға мінездеме |
-"Жигсо" әдісі арқылы үш топ таныстырады.
-венн диаграммасын құрады
-бес жолды өлең құрастырады
-мәтінге сүйенім мінезін топтастырады |
4.Талдау |
-Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қоямын. |
-Шындық немесе жалған екендігін айтады |
5.Жинақтау
|
-Енді, балалар, сабақ басында сендер "инсерт" кестесін толтырған болатынсыңдар. не бігілерің келетін сұраққа бүгінгі алған білімімізбен "Білдім" болігін толтырамыз |
-"Білдім" бөлігін толтырады. |
6.Бағалау |
- "Алты қалпақ" әдісі "Әлия мен Мәншүк секілді қазақ қыздарының ерлермен бірігіп шайқасқа түсуі дұрыс па?" -Формативті бағалау: 3-7 ұпай-3 8-12 ұпай - 4 13-nен жоғары - 5 |
-Өз қалпақ түстеріне байланысты жауап береді.
-сабақ барысында жинаған ұпайлары бойынша ұпайларын есептейді. |
Мәриям Хакімжанова 1934 жылы өткен КСРО Жазушылар одағының бірінші съезіне қатысқан. Келесі жылы оның «Жеңешемнің елеңдері» атты түңғыш жыр жинағы жарық көрді, ақын өлеңдері сыршылдығымен, шынайылығымен оқырман қауым назарын аударды.
Соғыс жылдары жазылып, Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін шабытты жырға қосқан «Мэншүк» поэмасы ақын шығармашылығында үлкен бір белес болды. Ақын ғүмыр бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы — анапық сезімді жырлап етті. «Ана махаббаты» (1953), «Ана жүрегі» (1958), «Бөбегім менің — өлеңім менің» (1959), «Ана мейірімі» (1961), «Ана көктемі» (1963) және басқа жинақтарында лирикалық кейіпкердің естен кетпес әсерлі бейнесі жасалған.
Мәриям Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облысының қазіргі Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика инсти-тутының жанындагы рабфакта оқыды, «Әйел тендігі» (қазіргі «Қазақстан эйелдері») журналында қызметкер, жауапты хатшы болды. 1934 жылы отбасының жагдайымен Орынбор об-лысына кешіп барып, біраз жыл сондағы аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жүмыс істеген.
М. Хакімжанова 1938-44 жылдар -аралығында Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдарда Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, «Жаңа өмір» журналында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды. 7-ақпанда жасы 89-ға қараған шағында үзаққа созылған науқастан көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова дүние салды.
Мәриям Хакімжанова фольклор туындыларын жинау, ақын, жыршы, жыраулар шығармашылығын көпке таныту ісіне үлкең үлес қосты. Қайталанбас дарын иесі Мүрын жырауды ел ішінен тауып, танып, соғыс кезінде Алматыға алдырғандардың бірі — Мәриям Хакімжанова. Ақын жыраудың аузынан «Қырымның қырық батыры» циклының негізгі дастандарын жазып алып, халықтың игілігіне айналдырды.
М. Хакімжанованы барша жүртшылық айрықша қүрмет түтатын, ел анасындай ардақтайтын. Ақын әдебиетші қыз-келіншектердің бірнеше буынына ақылшы, үстаз болды, талайлар оның жан жылуын сезінді, риясыз көмегін көрді.
Ақынға «Қазақстанның халық жазушысы» қүрметті атағы берілген, орден, медальдарға ие болған.