Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

ауыз әдебиеті - халық мұрасы

$
0
0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы

«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

 

«Бекітілді»                                                                                       «Келісілді»          

«№ 11 Қоскөл орта мектебі» КММ                                         Оқу-тәрбие ісінің орынбасары

директоры________ А.С.Бралин                                           ___________ Ш.Д.Тлеуова

«___»________2017 ж                                                                «___»________2017 ж              

      

 

 

 

 

 

 

Курс бағдарламасы

Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті – халық мұрасы»

(Таңдау пәні)

 

 

 

 

Дайындаған: Әбдіғамит Ж.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

Курс бағдарламасы 5-сынып оқушыларына арналған

Таңдау курсының тақырыбы: «Ауыз әдебеті – халық мұрасы»

 

Түсінік хат

 

Ауыз әдебиеті – халқымыздың асыл да мол мұрасы. Небір бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде.

Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны ықлым заманнан өзінің рухани асыл қазынасы ретінде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі дәуірге жеткізген. Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы бейнеленген, әлеуметтік теңсіздікке қарсы үн көтерген. Халықтың жақсы өмірді, әлеуметтілікті аңсаған мұрат-мақсаттары да кең өрнектелген.

Ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын кертартпалықтың, сары уайымнан аулақ, адамдарды күреске, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді.

Халықтың ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Оқушыларға ауыз әдебиетінің үлгілерін оқыта отырып, олардың тілін, санасын, ой-өрісін дамытуға болады.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін «Ауыз әдебиеті – халық мұрасы» сабақтарын жаңа талаптарға сай, жаңаша оқыту салмағын арттыру тіліміз бен фольклорлық материалдар, көркем шығармалар арқылы оқушы бойына даритын әдет-ғұрыптарымызды жаһандану процесінен сақтаудың ең негізгі амалы деуге болады. Көркем шығарма арқылы баланың бойында ұлттық сана-сезім, туған тіліне үйретудің, ұлыттық әдет-ғұрыпқа тәрбиелеудің түп негізі, іргетасы қаланады.

 

Мақсаты:

 

Балалар білім негізін бастауыштан алатындығы белгілі. Түрлі тұрмыс салт жырлары, мақал-мәтел насихат сөздер, жұмбақтар ертегілер арқылы балалардың дүниетанымы қалыптасады.

Ауыз әдебиеті – халқымыздың ғасырлар бойғы мұрасы екенін ұғындыра отырып, оқушыларды ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру.

Ертегілерді оқи отырып, оларға талдау жасау, кейіпкерлердің мінез-құлқын ашу, сөздікпен жұмыс жүргізуді үйрету, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, өмірде пайдалана білуге үйрету, жұмбақтар шешкізу арқылы шапшаңдыққа, ойының ұшқыр болуына септігін тигізу, тұрмыс-салт жырларымен таныстырып халқымыздың тарихы мен өмір салтын насихаттау.

Ауыз әдебиеті үлгілерін оқыта отырып, оқушыларды байланыстырып әрі көркем тілде сөйлеуге деген дағдыларын қалыптастыру.

Өмірде кез-келген жағдаят туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

 

Міндеті:

 

  1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
  2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін
  3. . Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
  4. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылтпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.
  5. Мәтінді (ертегі) оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.
  6. Рөлдік ойындарды нақышына келтіріп орындау.
  7. Оқушыларды сыныптан тыс дербес білім алуға дағдыландыру.

 

Курстың өзектілігі:

Осы курс арқылы білімдерін кеңейтуге бағытталған жұмыс түрлерін қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау, ойға сақтау, пәнге қызығушылығы, танымдық қабілеттері дамиды.

Күтілетін нәтиже

       Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:

Сөздік қоры, тіл байлығы мол, өз ойын еркін жеткізе алатын, өз халқының тарихын білетін, ауыз әдебиеті үлгілерін меңгерген, өз халқын, оның мол мұрасы ауыз әдебиетін сүйіп оқитын оқушы қалыптастру.

Ауыз әдебиеті үлгілерін өмірде пайдаланып қана қоймай, оны өзіне бағыт-бағдар беруші ретінде қолдана алады.

 

Пәнаралық байланыс

Ана тілі   (сипаттау,   өз ойын   білдіру т.б.),  

музыка   (кейіпкердің көңіл – күйін,   сезімін   білдіру,   ауа – райының құбылысын т.б,),

бейнелеу өнері ( әдемілікті,   сұлулықты   көріп,   сезіну,   қабылдау т.б.),   технология (еңбектің адам өміріне   деген орнын   түсіндіру т.б.),   математика (оқушылардың логикалық (қисыннан) ойлау қабілетін дамыту  

 

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:

  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;
  • шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;
  • жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;
  • шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;
  • шешендік сөздердің мағынасын ашу, негізгі ойын анықтау;

-   кейіпкер рөлін нақышына келтіріп орындау.

«Ауыз әдебеті – халық мұрасы» курсы бойынша бағдарлама

5 сынып

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

 

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

 

І бөлім Төрт-түлік туралы жырлар

4

1

Түйе, түйе, түйелер

1

2

Жылқы - ер қанаты

1

3

Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір

1

4

Малдың баласын сүюі

1

 

ІІ бөлім Тұрмыс-салт жырлары

3

5

Бесік жырлары

1

6

Тұсау кесер жырлары

1

7

Наурыз жыры

1

 

ІІІ бөлім Өлеңдер

5

8

Санамақтар

1

9

Табиғат туралы өлеңдер

2

10

Жан-жануарлар туралы өлеңдер

1

11

Өнер, білім туралы өлеңдер

1

 

ІV бөлім Мақал-мәтелдер

5

12

Отан, туған жер, ерлікке, батырлыққа байланысты

1

13

Достық, ынтымақ, бірлікке байланысты

1

14

Денсаулық, тазалыққа байланысты

1

15

Адамның қасиеттері, туысқандыққа байланысты

1

16

Еңбек, кәсіпке байланысты

1

 

V бөлім Жұмбақтар, жаңылтпаштар

3

17

Тұрмыстық заттарға байланысты

1

18

Оқу құралдарына байланысты

1

19

Табиғат құбылыстарына байланысты

1

 

VI бөлім Ертегілер

4

20

Қу түлкі мен ұмытшақ аю

1

21

Ақылды құмырсқа

1

22

Піл мен маймыл

1

23

Аңқау қасқыр

1

 

VIІ бөлім Аңыздар

4

24

Асыл сөз

1

25

Алдар көсе. Неге секіреді?

1

26

Қожанасыр хикаялары

2

 

VIІІ бөлім Нақыл сөздер

3

27

Өмір-ғұмыр

1

28

Өнер-білім, ақыл-ғылым

1

29

Ана тілі

1

 

ІХ бөлім Шешендік сөздер

3

30

Төле бидің төрелігі

1

31

Бала Әйтекенің билігі

1

33

Әнет баба әңгімелері

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама мазмұны

І бөлім Төрт-түлік туралы жырлар - 4 сағат

ІІ бөлім Тұрмыс-салт жырлары – 3 сағат

ІІІ бөлім Өлеңдер – 5 сағат

ІV бөлім Мақал-мәтелдер – 5 сағат

V бөлім Жұмбақтар, жаңылтпаштар – 3 сағат

VI бөлім Ертегілер – 4 сағат

VIІ бөлім Аңыздар – 4 сағат

VIІІ бөлім Нақыл сөздер – 3 сағат

ІХ бөлім Шешендік сөздер – 3 сағат

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. М. Алимбаев «Әрі оқу, әрі ойын» Алматы 2001 ж.
  2. Ө.Әлімгереев, А.Нұрғалиев «Сырымның шешендік сөздері» Алматы 1994 ж
  3. «Бастауыш мектеп» №9, Алматы 2012 ж
  4. «Бастауыш мектеп» №3, Алматы 2008 ж
  5. «Нақыл сөздер» Шымкент 2010 ж
  6. Қазақстан халықтарының ертегілері Алматы 1996 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаны құрастырған:

Ұлытау ауданы

«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.Қ.Әбдіғамит

 

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>