Quantcast
Channel: Қазақ тілі әдебиет | и рус.кл - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Қазақ тілі 8 сынып. Анақарыс –ғұлама ғалым..

$
0
0

Сабақ № 95.   

Сабақтың тақырыбы:  Анақарыс –ғұлама ғалым..

Сабақтың мақсаты:  Анақарыс туралы мағлұмат беру.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беру.

                                   Оқу, сөйлеу дағдыларын дамыту. Төл сөзді пысықтау.

                                   Оқушыларды  өз елінін тарихын білуге, патриот болуға  тәрбиелеу.

                                   Білімділікке, қызығушылыққа, белсенділікке құштарлықтарын

                                   арттыру.                                                                                                      

Көрнекілік:    Сурет, көріністер.

Сабақтың әдісі: оқу, сөйлесу

Сабақтың түрі: аралас

                            Сабақтың барысы.

Сабақтың ұраны:            Қазақ жері  көп шеккен қасіретті,

                                         Қазақ жері өнерлі, өсиетті,

                                         Египетті билеген Бейбарыстай,

                                         Елі тәтті, киелі, қасиетті.


                                                                                       

 

І. Ұйымдастыру кезені:

ІІ.Үй жұмысын тексеру.  Отан туралы мақал- мәтелдерді жатқа айту.

                                           Ұранды оқып, талқылау.

ІІІ. Өткенді қайталау. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

                  Тұмар – сак тайпасынынң батыр қызы.

                   Соғыста сактар парсылардың тас-талқаның шығарды.

Берілген сөздерді түсініп оқып, жазып алыңдар. Бұл сөздерді жазған кім екен?

      1.Өмір –сауық өмірдегі басты мақсат емес.

  1. Әділ әмір үшін жақсы заңдардың болуы жеткіліксіз, ол үшін заңды қорғайтын әділ қорғаушылар керек.
  2. Қызғаныш пен қорқыныш адамның ең жаман қасиеттері. Қызғаныш адамға достары мен таныстарының кірісін санатқызса, қорқыныш адамды үмітсіздікке жетелейді.

- анақарыс туралы не білесіңдер?

ІҮ. Мәтінді тындап, мазмұнын орысша айтып беріңдер.

  1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен танысу.
  2. 963 – тапсырма. 135 бет. Берілген сөздерге синонимдік қатар жазыңдар.
  3. Мәтінді қайталап түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

-Анақарыс деген кім?

-Анақарыстан басқа қандай ғұлама философтарды білесің?  Аристотель, геродот, Платон, Солон.

- Оған қай жерде ескерткіш қойылған және ол ескерткішке не деп жазылған?

-Анақарыс қандай қасиеттерді жаман деп есептеген?

  1. Мәтінді оқып, төл сөзді сөйлемдерді тауып, жазып, тыныс белгілерін түсіндіріңдер.

 

Ү. Қосымша мәлімет.  Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

        Анақарыс біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ ғасырда өмір сүрген сақ тайпасының ойшылы.

Анақарыс өз маманында қоғамдық құрылыс пен құқықтану мәселесімен айналысады. Ол Скифиядан Греция, Эллада, Индияға сапар шегеді. Элладаға келген соң  ол атақты  жеті ғұламанын бірі Солонды іздеп табады. Өзінің ақыл -парасатымен  Солонға ұнап, оның досы, шәкірті болады. Ол ұстазынан шешендік өнердің  қыр-сырын үйренеді. Өз елінен алыста жүріп еліне өнер-білім апару үшін аянбай еңбек етеді. Даланың данышпаны атанған Анақарыс өз ойларымен грек ойшыларын таң қалдырады.

 

 

 

Үй жұмысы.  Анақарыс туралы реферат жазыңдар.

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 866

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>