8–сынып. № 92.
Мазмұндама. № 4.
Мақсаты: «Тарихи ғажайыптар» әңгімесімен таныстырып,мазмұндама жазу.
Мазмұнын ашып,сөйлемдегі грамматикалық байланыстарды
сақтай отырып,сауатты, таза жазуға баулу.
Ұқыпты тындап есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: бақылау
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мазмұндама жазуға даярлану.
- Мәтінді түсініп оқып,есте сақтау.
Тарихи ғажайыптар.
Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ескерткіштер әлемді таңғалдырып келеді.
«Алтын адам» деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш 1969-1970 жылдары
Есік қорғанынан табылған. Оны тапқан ғалым, археолог Кемел Ақышев. Бұл 17-18 жасар сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттарымен қоса жерленген. Оның салтанатты биік бас киімі, бешпеті, шалбары мен етігіне дейін алтын әшекейлермен безендірілген. Қару- жарағы мен сақинасы да алтыннан жасалған. Сондықтан ол «Алтын адам» аталған. Оның жанынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған шыққан. Оны ғалымдар «Есік жазуы» деп атаған. Бұл ескерткіштер бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу- сызуы болғаның дәлелдейді.
- Сұрақтарға жауап беріндер.
- Нелер әлемді таңғалдырып келеді?
-«Алтын адам» қайда табылған?
- Ол кім болған, қалай жерленген?
- Бұл ескерткіш нені дәлелдейді?
- Сөздік жұмысы. Таңғалдырып келеді, жерленген, бешпеті, шалбары, безендірілген, тостаған, жазу-сызуы.
ІІІ. Мазмұндаманы жазу, тексеру, тапсыру.
Үй жұмысы: * Мұражайға саяхат жасап, әңгімелеу.