С А Б А Қ № 31
Тақырып: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру, жүйелеу, бекіту.
2.Дамытушылық: оқушының өткен сабақтарды қайталай келіп,ойларын тақырыпқа байланысты
дамытудың,өз ойларын еркін жеткізуді қалыптастыру,қазақ тілінде еркін
сөйлеуге жаттықтыру
3.Тәрбиелік: жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпын сыйлауға,аға өсиетіне
адал,білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін бақылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ, «Қыз қуу» ойыны ретінде.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география,
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,отырғызу,
оқушыларды түгендеу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалмнің кіріспе сөзі.
Балалар,бүгінгі сабақ ерекше өтетін болады.Бұл сабақта өткен Қ. Мырзалиевтың « Қазақтарды шетлдік қонақтарға таныстыру» өлеңіне байланысты тақырыпты қайталаймыз. Сабақты «Қыз қуу» ойыны түрінде өткізейік. Сынып 2 топқа бөлінеді:
- қыздар тобы, ұлдар тобы.
Ойынның шарты:
Егер ұлдар жеңсе,қыздарға біраз зеректік не тапқырлық жетпеді деп санаймыз.
Егер қыздар жеңсе,ұлдар қыздарды «Қыз қуу» ойында қуып жете алмады деп санаймыз.
Сабағымыздың ұраны: «Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт,ең бастысы үнсіз
қалма»
I тапсырма:
Әр топтан 1 оқушы шығып Қ.мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп береді. Қайталанбау керек.
II тапсырма.
Мақал-мәтел сайысы.
Бірінші топ мақалдың басын бастаса, екінші топ аяқтайды.
Мысалы: ұлдар тобы – Оқусыз білім жоқ,
қыздар тобы - Білімсіз күнің жоқ.
Қыздар тобы – Құтты қонақ келсе,
Ұлдар тобы - Қой егіз туады.
Ұлдар тобы – Келгенше қонақ ұялады,
Қыздар тобы - Келгесін үй иесі ұялады. ( Тағыда 2-3 мақал қосуға болады. )
III. Аудирование.
Қазақ ұлтық ойындары «Көкпар» мен «Қыз қуу» туралы мәтін оқылады. 2 топ оқушылары мұқият тыңдап, содан соң 1 топ –«Көкпар», 2 топ – «Қыз қуу» мәтіні бойынша есте сақталған мағлұматтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес жазуы керек.
- Пікірлесу. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен алынған:
« Өнер алды – тіл» деген тақырып бойынша оқушылар өз ойларын айтады.
- Өлеңді жатқа айту сайысы.
Оқушылар кезектесіп «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің шумақтарын жатқа айтады.
Сабақ қорытындысы. Мұғалім:
- Осымен ойын-сайыс сабағымыз аяқталады. Ұлдарда да, қыздар да сабаққа белсенді қатысты.
Талаптарың таудай болсын,
Өнерлерің өрлей берсін,
Келесі тоқсан құтты болсын,
Денсаулықтарың мықты болсын.
* Бағалау.
*Үйге тапсырма: Б.Соқпақбаев туралы оқып келу.