№ 27 сабақ тақырыбы: Ғабит Мүсірепов 7 сынып
Мақсаты: : Ғабит Мүсірепов шығармашылығы туралы түсінік беру
Міндеттері: Ғабит Мүсірепов шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, атақты қазақ жазушының шығармашылығына, өмір баспалдақтарымен танысуға қызығушылық тәрбиелеу .
Құралдар: Ғабит Мүсірепов суреті, оқулық, хрестоматия, шығармалары
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру (жасаған баяндамалары болса оқып, талдау, бағалау)
Жаңа сабақ :
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген. Түрікше, арабша , орысша хат таныған,
Ұстазы – ақын, ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бекет Өтетілеуов
Шығармалары
- Шағын әңгімелер
- Драмалық шығармалар
- Эпикалық туындылар
- Аудармалар
Шығармаларының басты тақырыбы: Ана тақырыбы
Тапсырма: Ғабит Мүсірепов кім? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау
( 85 бет бойынша) – оқулық .
Тапсырма: жазушының әр түрлі жанрдағы туындылармен таныстыру үшін 3-4 топқа бөлініп, біреулері- пьесаларын, екіншісі- очерктерін, пьесаларын жазып алу, бір-біріне оқып беру, жазып алу - 85 бет
Бекіту:
Ғабит Мүсірепов кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, шығармаларын толықтыру
Қорытынды: бағалау, қоштасу