Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесін талдау.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен жазуын дамыту, пікірін жеткізе білуге бағыт беру.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отыра, көркемдеп еркін сөйлеуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3.Әңгіменің тәрбиелік мазмұнын аша отыра, өзіндік мінездеме жасай алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Талдау сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, оқыту, іздендіру, СТО стратегиялары..
Сабақтың көрнекіліктері: Үлестірмелі қағаздар, тақырыпқа байлаысты сурет.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру Зымыран сұрақ! Қызығушылықты ояту.
- Жаңа сабақ:
Топпен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөлу:
1-топ - “Талаптылар”, 2-топ - “Бiлiмдiлер”
Дамыта оқыту әдiсi бойынша әр топ өздерiне алдын ала берiлген тапсырмаларды орындайды. Топ жетекшiлерi бекiтiлiп, бағалау парақшалары арқылы бағалап отырады.
1-топ Әңгімені мазмұндайды
2-топ Кейіпкерлер әлеміне тоқталады
Әңгімеге композициялық талдау жүргiзу (жұппен жұмыс).
Талдау бойынша мазмұндату.
Басталуы
Байланысы
Дамуы
Шиеленiсуi
Шарықтау шегi
Шешiмi
Басты кейіпкерге мінездеме:
Сатай:
А) Оның іс-әрекеті;
Ә) Оның қайырымдылығы, батылдығы;
Б) Сезімінен көрініс
(мысалдармен дәлелдеу, пікірталас жүргізу).
- Сабақты бекіту:
Қайсарлық, ер жүректілік, қайырымдылық туралы мақал-мәтел жарысы. Сатай мен Рабиға бейнесіне венндиаграммасын жасау
- Қорыту: Кластер стратегиясы бойынша Сатай бейнесін ашу.
- Сабақты бағалау: Әр топ жетекшiлерiнiң бағалап отырған нәтиже бағалары арқылы бағалау.
- Үй тапсырмасы: Әңгіме бойынша слайд-шоу дайындау
Сабақтың тақырыбы: Ә. Кекілбай «Шыңырау» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
- Жазушы, оның шығармашылығы туралы, әңгіменің мазмұны, тақырыптық-көркемдік қасиеті жайында қысқаша мәлімет беру.
- Шығарманың мазмұны менкөркемдік ерекшелігін көрсете отыра, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Еңбекқолрлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, ойландыру, оқыту, іздендіру.
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, Перфокарта, тақырыпқа арналған слайд.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
- Жаңа сабақ: Жазушы өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Әңгіме бойынша жұмыс. Әңгіменің тақырыбы мен мазмұнын ашу.
Ой қозғау мақсатында топтастыру. Оқушылардың алдына әр топқа бір-бір плакаттан беріледі. Сол плакатқа тақырып төңірегінде не біледі, шыңырау дегенді қалай түсінеді, соны жазып шығады.
Шыңырау
- Әңгімені мазмұндау
- Әңгіменің өзіндік ерекшеліктері, негізгі идеялық мақсатын көрсету
- Еңсеп бейнесін ашу, оның іс-әрекетіне тоқталу
Әңгіме бойынша композициялық талдау жүргізу:
БАСТАЛУ БАЙЛАНЫСУ ДАМУ ШИЕЛЕНІСУ
ШАРЫҚТАУ ШЕГІ ШЕШУ
- Тезис жоспар құру
- - Еңсеп таңдауы
- - Ала қырдағы тастақ жүлге
- - Еңсеп көңіл күйі
- - Өткенге ой жіберу
- - Көмекші жігіттер ықыласы
- - Құдыққа қайта түскен Еңсеп
- - Сыз өқабырғалардан ескен леп
- - оқыс дыбыс, суыл
- - Қуанышты күтуі
- - Ағын судың ашылуы
- - Хабарсыз кеткен Еңсеп
- - Еңсеп өлген шыңырауы
- Сабақты бекіту «Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны – еңбек жөнінде мақал-мәтел жарысы.
- Сабақты қорыту:
Кері парақ - Бүгінгі сабақтан не алдық?
- Алған әсеріміз?
- Не білдім, не білгім келеді?
- Сабақты бағалау. Өзін-өзі бағалауды іске асыру.
- Үй тапсырмасы: Әңгімені мазмұндау