Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Менің атым Қожа.
Сабақтың мақсаты:
- Повестен алынған үзінді мазмұнымен таныстыру,түсіндіру.
- Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.Оқушы қабылдауы мен ойлауы аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу
- Оқушыларды, адамгершілікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: жазушы портреті
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
«Ой шақыру». Сөзжұмбақ шешу
2.Үй жұмысын тексеру
- Жаңа сабақ:
Б. Соқпақбаев өмірінен түсінік беру. Жаңа материалды түсіндіру. Рейтинг жүйесінде жоспар тізбелеу
А). Атының Қожа аталуы немесе өзін таныстыруы
Ә). Лагерьге жолдама алған Жантаспен кездесуі
Б). Майқанованың келіспеуі
В). Өткенді еске түсіруі
Г). Орыс әдебиеті сабағы
Ғ). Бақаның әлегі
Д). Педкеңестегі талқы
Ж). Түбі адам болатын бала
- Әдебиетте реалистік образ деген бар. Реалистік образ – адам бейнесінің шынайы түрі. Бұл кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін қоғам өзгеруіне қарай ылғи жаңарып отыратын тип.
Қожа – реалистік бейне.
- Оқушыларға қандай кейіпкерлермен таныс болғандарын дәптерлеріне жазғызу.
- Кесте толтыру:
Белсенді кейіпкерлер |
Тасадағы кейіпкерлер |
|
|
7 . Сабақты қорытындылау: Зымыран сұрақтары
- Бағалау. Үй тапсырмасы: үзіндіні мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну