Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта
мектептің мұғалімі Айжамал Сактаганова
Сабақ тақырыбы: М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
(8-сынып)
Сабақ мақсаты:
|
Күтілетін нәтиже: |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Қамтылатын модульдер: |
|||||||||||||||||||
Оқушылардың шығармадан алған білімдерін қорыту, ой-өрістерін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, кейіпкерлер бейнесі арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру |
Оқушылар өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, топтық жұмыс жүзеге асады, бір-біріне көмектеседі, жақсы мен жаманды ажырата біледі. |
СТО элементтері |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету; |
|||||||||||||||||||
Сабақ барысы: |
Ұйымдастыру кезеңі: А) кезекшімен сұхбат |
Оқушыларды барлау. Б) 3 топқа бөліну; Бағалау парақшасы таратылады |
Сыныпты сабаққа жұмылдыру. |
|||||||||||||||||||
І. Қызығушылықты ояту. |
«Екі жақты күнделік» стратегиясы Хикаят бөлімдері бойынша тақырып қой. Ол тақырыптарды не үшін қойғаныңды түсіндіре біл. Оқушылар өз ойларын айтады.
|
|||||||||||||||||||||
ІІ. Мағынаны тану |
« Мәселемен саудалас» стратегиясы. Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблемасы,жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әр топ жауап береді.
8. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па? 9. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды? 10.Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды? 11.Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады? 12. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған? 13. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді? Жарасбайды өлтіру қылмыс па тақырыбында әр топқа сұрақтар қою 1-топ. Бақтығұл әрекетін қолдаймыз. Бақтығұл әрекетін қолдаймыз. Неге десеңіз, оның Жарасбайды өлтіруден басқа амалы қалмады. Зорлықшы топтың кесірінен туған бауырынан айырылды. Пана іздеп, кеткен кегімді қайтарамын деп Жарасбай болыстың қол астына келді. Жарасбайдың жұмсауымен небір лас тірлікке араласты. Бірақ сенген адамы оны алдады. Біз Бақтығұл әрекетін қолдамаймыз. Адам өлтірмеуі керек еді. Алла өзі берген жанды өзі алуы керек еді. Ол көптеген қиындықты басынан өткізді. Жаны күйзелген Бақтығұл шыдауы керек еді. Күнәға батпауы керек еді. 3-топ «Күнә» деген не? Адам өлтіру-үлкен күнәлардың бірі. Ол туралы Құранда мәида сүресі, 26-аятта былай делінеді: «Сөзсіз кісі өлтіру ең ауыр күнә саналады». Сондай-ақ , ұрлық істеу, өтірік айту, кісі сыртынан жамандау- бұлар да күнәлардың қатарына кіреді.
|
|||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||
ІІІ. Ой толғаныс |
Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе біз қандай тәрбие аламыз? «Топтастыру» стратегиясы Қиянат жасамау Ұрлық іске бармау
Адал болу Мейірімді болу
|
|||||||||||||||||||||
Кері байланыс |
«Бес саусақ» Бас бармақ- сабақ ұнады ма? Несімен? Сұқ саусақ- Мен кімге көмектесе алдам? Қалай? Ортан терек-Маған кімнің көмегі көбірек тиді? Аты жоқ саусақ- Мен неге қол жеткіздім. Кішкене саусақ- Тақырып бойынша нені толықтыруым керек. Осылайша оқушылар қандай білім алғандарын көрсетеді. |
|||||||||||||||||||||
Бағалау |
Бағалау парақшасы арқылы бағаланады |
|
||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: |
Бақтығұлға хат
|
|
||||||||||||||||||||