Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Шыңға шыққан жас шынар»
( «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі)
Сабақтың мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма
екенін таныту
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: эпопеяның негізгі оқиғалары бойынша Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе-бет
келуін,халық үшін күрес жолының басталуын түсіндіру.Абай бейнесін талдай
отырып,өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық:дағды-машығын,таным белсенділігін дамыту.Өз беттерінше салыстыру,
қорытынды жасай білу,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
б) тәрбиелік: туған елін сүю,құрметтеу,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.Адал махаббат пен
таза достықты үлгі ету,жауыздық пен қатыгездіктен,тағылықтан жирендіру.Ұлттар
достығына деген құрмет сезімін арттыру.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,проблемалық сұрақтар,әдеби дискуссия
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов,А.Құнанбаев портреттері,9-сыныпқа арналған электронды оқулық,
буклет,кесте-сызба,кітап көрмесі,интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысын,оқу құралын түгендеп,назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасы. «Ұлан даланың ұлы жыршысы» М.Әуезовтің өмірі,шығармашылығы,әңгімелері
туралы
ІІІ.Жаңа сабақ.
- Мұғалім сөзі: Абай жолы-халық жолы. Абай туралы романдар-Абайдың ел-жұрты,қоғамдық ортасы,әлеуметтік қоршауы,дәуірі,заманы туралы романдар. Абай-Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап,көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық-зомбылық,қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштерлдің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері-Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алшпысты алқымдатып,қайтыс болған ел ағасы-ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз.Жарты ғасыр өмір.
Роман-эпопеяның 1-кітабы-1942 ж
2-кітабы-1974 ж
3-кітабы-1952 ж
4-кітабы-1956 жылдары жарық көрді. Романды жазып шығуға жазушының 10-нана астма жыл уақыты кетті. Романның жазылуы туралы М.Әуезов былай деген: «Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап,оны демімен үрлеп,тұтатпақ болды десек,романға материал жинаған менің де халім дәәл сол әрекет сияқты еді».
2)Саяхат. Абайдың Жидебайдағы мұражайына саяхат жасау (электронды оқулықтағы бейнетаспамен жұмыс жүргізу)
3 )Кесте-сызбамен жұмыс.Абайдың іс-әрекеті топтастырылған кесте-сызбаны басшылыққа алып, әңгімелеу әдісімен жұмыс жүргізу. Алдын ала берілген топтық жұмыс бойынша әр топ эпопеяның кітаптарынан Абай бейнесін ашатын басты оқиғаларды іріктеп алып,төмендегі үлгі негізінде жинақтап келеді. Сол бойынша топ жетекшілерінің есебі тыңдалады.
№ |
Негізгі бөлімдер |
Оқиғалар |
Абайдың іс-әрекеті |
1 |
«Қайтқанда» |
Қодар мен қамқа өлімі |
Әке қолындағы қаннан үркеді. Қатты шошып,ауырып қалады |
2 |
«Қат-қабатта» |
Абайдың Қарқаралыда Шөжені алғаш көруі |
Шөже өнеріне сүйсінеді.Әкесі үшін қатты ұялады.Шындықты мойындайды. |
3 |
«Жолда» |
А) Абайдың Қарқаралыда Шөженің өткір сынға толы өлеңін естуі,оның әсері Б) Бөжейдің батасы.Сәби Кәмшаттың аяулы халі |
Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығуы (Кәмшат мәселесі бойынша) |
4 |
«Шытырманда» |
А)Шығыс әдебиетінің асыл қазыналарын бас алмай оқуы. Ә) Алғашқы махаббат Б) Сорлы Кәмшаттың ауруға шалдығуы |
Тоғжанды сүйе тұра ескілікке қарсы шыға алмайды. Іштей қатты қиналады. |
5 |
«Бел-белесте» |
А) Бөжейдің қаралы көші.Зарлы жоқтаудың Абайға әсері. Ә) Ағасы Тәкежанмен қақтығысы,әкесінің ісіне наразы болуы |
Әкесінің Бөжей аулына істеп отырған әділетсіздігін бетке айтады. |
4) Ой сергіту.Блиц-турнир. Оқушылардың Абай туралы мәліметтерін молайту мақсатында және қызығушылығын ояту үшін үш топқа сұрақтар беру.
І топ. Абайдың сүйікті жары (Әйгерім)
Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп айтқан кім? (А.Байтұрсынов)
Абайдың құрмет тұтқан замандасы,суырып салма ақын (Байкөкше)
Абай дәстүріні жалғастырушы ақын інісі (Шәкәрім)
Абай айқындап берген бес асыл іс (талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым)
«Жайнаған туың жығылмай» өлеңін кімге арнаған? (інісі Оспан қайтыс болғанда)
ІІ топ. «Абай тілі» сөздігінің авторы (І.Кеңесбаев)
Абайдың жеңгелері қойған есімі (Телқара)
Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының есімі (Михаэлис)
Әйгерімнің шын есімі (Шүкіман)
Абайдың аяқталмай қалған дастаны («Әзім әңгімесі»)
Абайдың ең жақын досы (Ербол)
ІІІ топ. Абай айқындап берген адамгершілікке жат бес дұшпан (өсек,өтірік,мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ)
«Етімді шал сипаған құрт жесін» деп жартастан құлап өлген қыз туралы өлеңі қалай
аталады? («Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»)
Абайдың домбыраға арнаған ән өлеңі (Желдірме)
Абайдың қолжазба мұраларын жүргізуші (Мүрсейіт)
Абай туралы шығарылған алғашқы көркем фйильм атауы (Абай әні)
«Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай аудармасы («Қараңғы түнде тау қалғып»)
5) Проблемалық сұрақтар.Әдеби дискуссия.
-Абай Қодар мен Қамқаны,Кәмшатты неге өлім тырнағынан арашалай алмады?
-Ата емес,адамның ұлы болуды қалай түсінесің? Абай ол биікке жете алды ма?
-Абай неге халық жағына шықты? Себебі неде?
-Абай өмірден түңіле ме?
-Қалай ойлайсыңдар,Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік,қайшылық тек әке мен
бала арасындағы өкпе наразылық па?
6) Абай және орта. Тақтада теріс қаратып кеспе қағаздар ілінеді. Романдағы Абай мен оның айналасындағы топтың байланысын ашамыз.
Әке бейнесі Орыс достары
Абай |
Ғашықтары Аналар бейнесі
Халық Өнерпаз қауым
7.Венн диаграммасы.Абай мен Мұхтар ерекшелігі мен ұқсастықтарын салыстыру
Абай
19 ғ/ң асу шыңы,ақыл-ойдыңалыбы,ақын.Араб,парсы шығыстың классикалық поэзиясын меңгерді.Жаңа дәуірдің басы.Халықтың ұлы болды.Абай ақиқатты ақын сөзімен таныды. |
Кемел Талант Суреткер-психолог Ауыз әдебиетін терең меңгерген.Орыс,Еуропа мәдениетіне ден қойды. ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары атап өтілді |
Мұхтар
20 ғ/ң заңғар биігі,прозашы,драматург,ұстаз,қоғам қайраткері. Ғасырлық туынды арқылы бір халықтың энциклопедиясын жасады. |
ІV.Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар слайдта көрсетілген сызба бойынша Абай жолының қандай жол
екенін өз түсініктері бойынша айтады. Романнан үзінді келтіре отырып,дәлелдейді.
Әділет жолы
Өнер жолы
Абай жолы Адам ұлының жолы
Халық үшін күрес жолы
Достық жолы
V.Үйге тапсырма. Төмендегі кестені басшылыққа ала отырып, эпопея бөлімдері бойынша әр оқушы өзіне ұнаған Абай сөзінен викторина дайындайды.
Бөлім |
|
Абайдың сөзі |
|
Қай оқиғада айтылған? |
|
Кімге айтылған? |
|
VІ.Бағалау.